news-img

АЛМАТЫ. Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі. 9.04.21. – Бүгін еліміздің заңгер ғалымдары Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі заманауи мемлекеттілігі мен ұлттық заңнамалары қалыптасуының тарихи-құқықтық негіздері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шара Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өткізілген.   

 

Онлайн шараны ұйымдастырушылар – Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ, Жеке құқық ҒЗИ және «Әділет» Жоғары құқық мектебі, «Тұран» университеті жанындағы құқық ҒЗИ, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Олар өздерінің ғылыми баяндамаларын құқықтанушы ғалым, Қазақстан тәуелсіздігін құру кезеңіндегі қоғамдық-саяси қайраткер, заң ғылымдарының докторы, академик Салық Зиманов Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даумына қосқан үлесін талқылауға арнаған.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов кездесуге модератор болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның жалпы отырысын аша отырып, ол былай деді: «Заң ғылымының корифейі еліміздің басқа да мықты заңгерлерімен бірге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың командасында еңбек ете жүріп, Қазақстанның жаңа мемлекеттілігін құруға асқан белсенділікпен қатысты. Қазақстан тәуелсіздігінің аяқтан тұруы кезеңінде ғажап заңгердің білімі мен тәжірибесі аса қажет еді».

 

 – Салық Зиманұлының ғылым әлеміндегі беделі жоғары екеніне дау жоқ. Оның классикаға айналған ғылыми еңбектерін жаңа буындағы ғалымдар, ЖОО студенттері оқып біліп жатыр. Оларда аса көрнекті замандасымыздың еңбегі мен дарынының ізі бар. Ол біліктілігі жоғары талай мамандарды, ғалымдар мен кәсіпқой заңгерлерді дайындап шығарды. Олардың көбі бүгін конференцияға қатысып отыр. Олар ұстаздарының зор ғылымии жетістіктеріне лайықты бағасын берген, – деді тағы спикер.

 

Конференцияда ұйымдастырушылардың атынан Каспий университетінің ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Жолдасбек Нүсенов сөз сөйледі. Ол Нұрсұлтан Назарбаев Қорына «тығыз ынтымақтастық пен Қордың түрлі деңгейдегі ғылыми шараларды өткізуге қолдау көрсетіп келе жатқаны» үшін алғыс айтты.         

 

Бұл конференцияның Нұрсұлтан Назарбаев Қорының алаңқайында өткізіліп отырғаны кездейсоқтық емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Салық Зиманұлының Қазақстан заң ғылымына, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесі туралы жылы сөзі бәріңіздің естеріңізде болар. Ол Салық Зиманұлының адамгершілік пен даналықтың үлгісі, әділеттілік ақсақалы екенін айта келіп, өмірін халыққа қызмет етуге арнаған осындай жаны жайсаң әрі жүрегі таза адамның ел есінде мәңгі сақталатынын жеткізген еді, – деді елдегі заң кадрларын дайындау жөнінен алдыңғы қатарлы ЖОО-лардың бірінің басшысы.      

 

Ғылыми пікірталас аясында заңгер ғалымдар, түрлі сала өкілдері, Салық Зимановтың шәкірттері мен ізбасарлары ғалымның белсенді шығармашылық өмірі кезінде ғылыми мүддесіне айналған көптеген мәселелерді талқыға салды.

 

Каспий университеті Жеке құқық ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Майдан Сүлейменов өз баяндамасында ғалымды Қазақстандағы заң ғылымынң негізін қалаушы деп танитынын атап өтті.

 

Ал заң ғылымдарының кандидаты, профессор Еркеш Нүрпейісов Зимановтың тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің формасына қатысты ғылыми талдауы мен идеяларына тоқталды.

 

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар академиктің Қазақстан Республикасындағы сот билігін құруға қатысты құқықтық көзқарастарына талдау жасады, Зиманов еңбектеріндегі Қазақстан парламентаризмін қалыптастыру мен дамыту мәселелерін зерделеді, Қазақстанның құқықтық ғылымының жалпытоериялық мәселелерін зерттеу әдістемесіне ғалымның қосқан үлесін сөз етті.

      

Зимановтан дәріс алған немесе онымен бірге жұмыс істеген жандар ғалымның ойының өткірлігін, тасыған күш-қуатын, өз идеяларын анық әрі нақты, ұғынуы қиын адамдардың өзіне түсінікті етіп жеткізетінін, өзі айналысқан қай іске де барынша пайда келтіруге тырысатынын, ұстанымы мықты, батыл, ілтипатты, ақ пейілді, адал, өнегелі, әділ екенін және басқа да қасиеттерін үнемі айтумен келеді, – дейді «Тұран» университеті Құқық ҒЗИ директорының орынбасары, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының достары, профессор Лейла Жанұзақова.

 

Айта кетейік, Салық Зиманов мемлекет пен құқықтың тееориясы мен тарихының және конституциялық құқықтың өзекті мәселелері бойынша 400-ден астам ғылыми еңбекті жариялаған. Оның ғылыми мүдделері қазақ құқығының ежелгі институттарын зерттеуден бастап  мемлекет құрудың заманауи мәселелеріне дейін, оның органдарының ұйымдастырылуы мен жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.

 

Кездесудің соңында ғалымдар студенттердің, ғылыми қызметкерлердің, оқытушылардың, мемлекетттік қызметкерлердің, оның ішінде заңгерлер ғана емес, басқа да кез-келген мамандық өкілдерінің қазіргі және болашақ буындары Салық Зимановты Қазақстан халқының ғажап ұлы ретінде есте сақтап, оның шығармашылық және ғылыми мұрасын оқып білуі керек деген ұйғарым жасады..

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com     

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру