news-img

Алматыда «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы 30 жыл бойғы бірлік пен ынтымақтастық» атты алғашқы Әлеуметтік жобалар форумы қарсаңында, яғни 2021 жылғы 14-15 сәуірде Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізіледі.

Әлеуметтік жобалар форумы – отандық және халықаралық сарапшылар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді талқылап, нақты шешімдерді ұсынатын алаңқай. Ол 22 және 23 сәуір күндері астанада өтеді. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары сол жерде аталып өтеді.    

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дәстүрлі жобасы. Оның мақсаты – Қазақстанның қоғам үшін маңызды мәселелерді жергілікті деңгейдегі әлеуметтік, мәдени және білім жобаларын жүзеге асыру арқылы шешуге бағытталған коммерциялық емес ұйымдарын (КЕҰ) тауып, оларға қолдау көрсету.   

Онлайн түрінде өтетін Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне байқау комиссиясы 50 жобаны іріктеп алды. КЕҰ-дан байқауға өте көп, яғни үш аталым бойынша 221 жоба ұсынылған:

- Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан бейімдеу мен сауықтыруға көмектесу (112 жоба);

- Халықты әлеуметтік-құқықтық қорғау. Азаматтық құқық пен бастамаларды қорғау (43 жоба);

- Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау (66 жоба).

Байқауға аймақтардан қатысу географиясы былай белгіленді: Нұр-Султан (18), Алматы (35), Шымкент (4), Ақмола обл. (13), Ақтөбе обл. (3), Алматы обл. (30), Атырау обл. (11), Шығыс Қазақстан обл. (16), Жамбыл обл. (9), Батыс Қазақстан обл. (11), Қарағанды обл. (5), Қостанай обл. (18), Қызылорда обл. (10), Маңғыстау обл. (6), Павлодар обл. (17), Солтүстік Қазақстан обл. (6) және Түркістан обл. (9).

Жәрмеңке барысында коммерциялық емес сектордағы 50 ұйым алдыңғы қатарлы ҮЕҰ, білім және денсаулық сақтау мекемелері, БАҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасына  бейнебайланыс арқылы өз идеялары мен жобаларын таныстырады.

Ұйымдастырушылармен, қазылар алқасы мүшелерімен және қатысушылармен сұхбат 14 сәуірде (сәрсенбі) 12:00-ден 13:00-ге дейін жазып алынады

БАҚ өкілдері міндетті түрде аккредитациядан өтуі қажет. Журналист туралы мәліметті – аты-жөнін, жеке куәлігінің нөмірін, ақпарат құралының атауын, байланыс телефонының нөмірін pr.zhumashev@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.  

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспасөз қызметі өкілінің байланыс нөмірі: Артур Жұмашев – +7 708 960 56 13.

Түсініктеме қалдыру