news-img

2021 жылдың 22 сәуір күні сағат 10.00 Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мұражайында (Бөкейхан көш.1А) «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы бірлік пен серіктестіктің 30 жылдығы» атты бірінші әлеуметтік жобалар форумы өтеді. 

Форум онлайн түрде екі күн бойы (22-23 сәуір) өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қоғамдық маңызы бар айрықша өткір мәселелерді талқылау мақсатында әр бағыттағы ұйымдардың басын қосуға қатысты бастаманы қолға алды. 

Форумның басты серіктістігі – Eurasian Resources Group (ERG), КЕҰ (Коммерциялық емес ұйымдар) арасында аймақтық қолдау көрсеткен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Форумға қазақстандық және халықаралық спикерлер – КЕҰ, мемлекетік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғам қайраткерлері, бренд-көшбасшылар, халықаралық және қайырымдылық ұйымдар, азаматтық белсенділер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және басқалар бар.

Форум қатысушылары мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның тұрақты дамуға қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік салаға жауапты бизнес жүргізу және басқа да өзекті мәселелерді қозғайды. Форум жұмысы аясында басты назар - бірлескен бастамалар, серіктестік жобалары және ықтимал ынтымақтастықтың басты бағыттарын іздеуге беріледі.

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі аясында 17 ірі қала мен аймақтан келген 200-ден астам ұсыныстың арасынан комиссия іріктеп алған 50 жоба таныстырылады. Озық шыққан жобалар 23 ақпанда Форум кезінде аталып, идеяны жүзеге асыру немесе ары қарай жетілдіру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты беріледі. Форумның трансляциясы fsp-fnn.kz сайтында өтеді.

Түсініктеме қалдыру