news-img

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «География» мамандығының 4 курс студенті Юлия Свистунова ғылыммен белсене айналысады. Бұған оның ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысуы дәлел. Бойжеткен сегіз ғылыми мақаланың авторы. Оның тақырыптары Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кеңістігі дамуының геоэкологиялық мәселелерін қамтиды.

Юлияның жетістіктерінің ішінде мыналар бар: «Алтын белгі» медалі, студенттердің республикалық ғылыми жұмыстар байқауының үш жүлдесі және 2019–2020 және 2020–2021 оқу жылдарында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының екі реттік стипендиясы.

Юлия тіпті 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өткізілген Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары форумы аясында шекаралас аймақтардағы туризмді дамыту бойынша жас ғалымдардың халықаралық симпозиумының ұйымдастырушысы және қатысушысы болды.

Ал бір жылдан кейін біздің стипендиат қыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында өткен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты оқу семинарында курстан өтті.

- Өз өлкемді зерттеуге үлес қосқым келгендіктен, ғылыммен айналысамын. Мен үшін қоғам мен табиғатқа пайдалы болу маңызды, - дейді Юлия Свистунова. - Қордың жобаларына үнемі қатысамын. Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары саласындағы «Болашақ ғалымдар» байқауының жеңімпаздарының бірімін. Осылайша стипендия алуға арналған байқауда өзімді сынап көруге бел будым. Енді мен осы беделді студенттер марапатының екі мәрте иегерімін.

Юлия үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты болу – өте үлкен жауапкершілік. Өйткені қазір ол басқа студенттерге үлгі. Сондықтан талантты әйел құрбыларына кез-келген кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, мақсатына нық қадам басу керек деп тілек айтады.

Түсініктеме қалдыру