news-img

Алматыда «ЖасSTAR» шығармашыл жастар фестивалінің он жылдығына орай үлкен музыкалық концерт өтті. Жас дарынды қазақстандықтар әлемдік мюзиклдің хит әндерін орындады. Бұл ауыр сахна жанрының жанкүйерлері 12 ерекше әрі әдемі музыкалық туындыны тамашалады. Вокалистердің, хореографтардың, сахна дизайнерлерінің, декораторлар мен дизайнерлердің қайталанбас мүмкіндіктері мен шексіз әлеуеттерін көрсетуге арналған алаңды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұсынды. Мерейтойлық фестивальге Алматы қаласының әкімдігі мен «Таңдау» компаниясы қолдау көрсетті.


— «ЖасSTAR» фестивалі он жылдан бері өзінің негізгі міндеттерін сәтті орындауда - бұл дарындыларды анықтауға және маңдайалды мәдениет қайраткерлерінің тәжірибесін жастармен бөлісуге қажетті жағдай жасайды, сонымен қатар жоба қатысушыларын әрі қарай кәсіби өсуге ынталандырады. Фестиваль дарынды жастарға шығармашылық бастауына шамшырақ ретінде құрылған жалғыз алаң деп білемін. «ЖасSTAR» халықаралық аренада ұлттық мәдениетті дәріптейтін жұлдыздарды дайындайды, — деді өзінің құттықтау сөзінде ҚР Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.


Фестивальге қатысушыларға және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының Қорына арналған құттықтау сөзді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та сөз сөйледі. Ол қордың дарынды қазақстандық жастарды қолдау мен дамытуға қосқан қомақты үлесін атап өтті.

 

Адами капиталды дамытуға және ғылым мен мәдениет саласындағы жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы қорының барлық бағдарламалары мен бастамалары жастар арасында танымал және үлкен тәжірибелік маңызға ие. Бұл фестиваль соның айқын дәлелі. Бірнеше жыл бұрын мансапқа алғашқы қадам жасаған әртістер «ЖасSTAR» мәдени және білім беру орындарына қатысушы ретінде келді, ал бүгінде олар осы жобаның арқасында жоғары дәрежеде шеберліктерін көрсетіп жүр.

 

Осы жылдар ішінде сценарист және режиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж операсының ұлттық оркестрінің дирижері Филип Юи, әйгілі стилист М. Ламин, Бірінші скрипка, «Виртуозы Москвы» оркестрінің солисті Алексей Лундин және т.б «ЖасSTAR» фестивалінің қатысушыларына өздерінің тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті. Олардың әрқайсысы жоба қатысушыларына ұмытылмас әсер сыйлады.


Танымал спикерлер өткізген шеберлік сыныптары, шығармашылық дәрістер, тренингтер мен семинарлар жастарға мәдениет пен өнер саласындағы инновациялық идеялары мен жобаларын жүзеге асыруда үлкен септігін тигізді. Бұл ретте, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың ҚР Тұңғыш Президент қорының шығармашыл жастарды дамытуға көмектесетін игі дәстүрі жалғаса беретініне сенім білдіргенін айта кеткен жөн. Ведомство басшысының құттықтау хаты Республика сарайында оқылды. Министр қазақстандық жастардың барлық бастамалары қолдау тапсын деп тілек білдірді. Министрлік басшысы сонымен қатар, халықаралық «ЖасSTAR» фестивалі өзінің жауапты миссиясының арқасында елдегі өнердің дамуына және оның шетелде танымал болуына айтарлықтай үлес қосатынын айтты.

 

10-рет өткен «ЖасSTAR» фестивалінің мерекелік бағдарламасының негізгі бөлігін ең шығармашылық жастар, оның ішінде вокалистер, хореографтар, хор әртістері, декораторлар, дизайнерлер және сахна дизайнерлері дайындады. Бұл әртүрлі жылдардағы жобаның қатысушылары, сондай-ақ Тұңғыш Президент қорының стипендиаттары мен грант иегерлері. Олардың барлығы Қазақстанның шығармашылық оқу орындары – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық мектебі, «Тұран» университетінің студенттері мен түлектері.

 

 «Broadway musical shows» форматында өткен бұл концерт Қазақстандағы Жастар жылына арналды. Оған қатысушылар әлемдік мюзиклдің ең танымал хиттерін орындады. Ромео мен Джульеттаның қайғылы махаббат тарихына жанашыр болған «Достар серті» мюзиклінің әртістерімен бірге 60-70 жылдардағы Алматыға арналған ностальгиялық шоудың көрермендері әнші Жарқынай Ханайыммен, жігерлі Нұргүл Нұғманованың «Арыстан патшасы» фильміндегі «Circle of Life» әнімен бірге «Ла-Ла Ленд» жігіттерімен бірге билей отыра Чикагоға барды, Әлібек Сурабалдинов рөлін сомдаған Алладинмен бірге араб қаласының көшелерін шарлады.

 

Осы бір тамаша кештің ең жарқын нөмірлерінің бірі «ABBA» тобының жанкүйерлеріне танымал «Mamma mia» әнін «Кешью» тобы тарту етті. Алайда, мерейтойлық фестиваль қонақтары үшін нағыз сыйлық Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағамбетова және Айгүл Бабаеваның сахнаға кенеттен шығуы болды. Үлкен сахнаның танымал шеберлері өздерінің жас әріптестеріне әйгілі «Dancing Queen» әнін орындады.

 

Концерт Толғанай Пазылақинның орындауындағы «Величайший шоумен» мюзикліндегі «This is me» композициямен аяқталды.

 

Айта кетейік, өнердің бірнеше саласын бір жанр синтезімен көрсеткен фестиваль Тұңғыш Президент қорының еліміздің дарынды жастарын анықтап, оларға қолдау көрсету жөніндегі жемісті жұмысының нәтижесі.


Мен он жылдан кейін «ЖасSTAR» Қазақстанның басты шығармашылық алаңына айналатынына сенімдімін. Он жылдан кейін нағыз шеберлерге айналатын бүгінгі жобаға қатысушылардың есімдері көпшілікке белгілі болады. Жұлдызды аспанда «ЖасSTAR» тағы да көптеген жаңа таланттар шығады. Оған күмән жоқ! — деді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Мәдениет кеңесінің төрағасы Біржан Хасанғалиев.


Елбасы Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 708 960 56 13, +7 (727) 220-92-16

a.zhumashev@fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру