Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы 13 адамның өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
29.08.2021 ·
09:00
Бөлісу

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы 13 адамның өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. «Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деп жазды Мемлекет басшысы.