news-img

1946 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші отырысы өткен әйгілі ғимарат Орталық Вестминстер Холлында Республиканың Тұңғыш Президенті Елбасы Семей ядролық полигонын жабуы, тарихи шешімінің 30 жылдығына орай жоғары деңгейдегі форум өтті.

Форум Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Лондондағы Елшілігі, Youth Fusion жастар ұйымының Ядролық қаруды таратпау және жою жөніндегі парламентарийлері (PNND) бірлесіп ұйымдастырған шара «гибридті түрде» өтті. Бұл оның жұмысына бүкіл әлемнен қатысушылар мен спикерлерді қатыстыруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы үрдістер мен болып жатқан шынай ахуалды ескере отырып, талқылау ядролық қатерлер мен жаһандық климаттық өзгерістер проблемасы арасындағы байланыс мәселесіне арналды. Сонымен қатар, талқылау кезінде алғаш рет тәжірибелі сарапшылардан, дипломаттардан және халықаралық ұйымдардың басшыларынан қоғамдық пікірдің эмоционалды жас көшбасшыларына дейін әр түрлі буын өкілдерінің кезектесіп сөйлеу түрінің инновациялық тәжірибесі қолданылды.

 

 ҚР Премьер -Министрінің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары А.Марғұланұлы, сондай -ақ Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың атқарушы директоры Роберт Флойд қатысушыларды бейнеүндеу арқылы құттықтады.

Іс-шараға Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің парламент мүшелері белсенді қатысты. Форумға белсенді қатысушылардың арасында Ұлыбританияның еңбек партиясының бұрынғы жетекшісі Джереми Корбин болды.

Жоғары қатысушылар жаһандық ядролық қарусыздануды ілгерілетудегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясы мен рөлін ерекше атап өтті. Ядролық қаруға жұмсалған қаражатты қайта бағыттаудың дұрыс екендігі туралы айтты. Баяндамашылар Елбасының БҰҰ -ны дамыту үшін әскери шығындардың бір пайызын әр мемлекет аудару бастамасының өзектілігіне тоқталды.

Конференцияға қатысушылар Семей ядролық полигонында 1949-1991 жылдар аралығында жүргізілген сынақтар ол жабылғаннан кейін де Қазақстанның экожүйесіне елеулі зиян келтіріп жатқанын айтты. Климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, топырақтың деградациясы, ауаның ластануы мен биоалуантүрліліктің жоғалуы – бүкіл Орталық Азияның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде.

Талқылау барысында біздің заманымыздың ең өткір екі жаһандық проблемасы айтылды. Олар: климаттың өзгеруі мен ядролық соғыс қаупі – адамзаттың өмір сүруі мен әл -ауқатына экзистенциалды қатер төндіретіні, бір-біріне қауіпті түрде әсер ететіндігі баяндалды.

Айта кету керек, шара биыл қараша айында Ұлыбританияның төрағалығымен Глазго қаласында өтетін БҰҰ климаттық өзгерістер жөніндегі жаһандық конференциясы (COP-26) аясында өтті. Оған қазақстандық делегация қатысады деген жоспар бар.

Конференцияға 60-қа жуық делегат тікелей қатысты, ал онлайн байланыс арқылы қатысқандардың саны – 400-ге жуық.

Түсініктеме қалдыру