news-img

«Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдар форумының екінші күні «Тұлға және қоғам» және «Жасыл әлем» ғылыми сессияларының жұмысымен ерекшеленді.

Бұл шараларға қатысушылар, жас ғалымдар мен зерттеушілер ғылыми баяндамалар жасады. Олар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды және ойлары мен жоспарларын ортаға салды.

Ғалымдардың ғылыми салалары келесі бағыттарды қамтыды: Қазақстанды цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы, мұғалімдердің білім беру тенденциялары, тарих, адам құқықтары, қоғамдық сананы жаңғырту және т.б.

Форум барысында биология ғылымдарының кандидаты, PhD, доцент Мақсат Жабағин генетика халықтың рулық құрылымын зерттеуге қалай көмектесетінін айтты.

Біз кең әр түрлі нұсқаларды растау немесе керісінше теріске шығару, әр түрлі аңыздарды тексеру, осылайша генетикалық шежірені қалпына келтіру мақсатында генетика көмегімен рулық құрылым туралы білімді зерттеумен және сақтаумен айналысамыз. Біздің мақсатымыз –  ұрпақтарымыз шежіреге еш күмәнданбауы үшін барлық ұрпақты өз зерттеулерімізді жеткізу. Бұл біздің қоғамдық сана мен тарихқа көзқарасты жаңғыртуға көмектесетін материалдық емес мәдени мұрамыз», – деді жас ғалым.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Жақсылық Сәбитов жиналғандарға Алтын Орданың мемлекетіміз үшін маңызы туралы айтып берді. Ол «Алтын Орда тақырыбы тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем тарихшылары үшін өзекті болды. Бүгінде ол этносаралық қатынастарды үйлестіру үшін ұтымды ұғым ретінде қолданылады. Алтын Орда – Қазақстанның ұлттық тарихының негізгі тамырының бірі. Мемлекет шетелдік сарапшыларды тарта отырып, кәсіби деңгейде оған дұрыс көңіл бөлу үшін тарих орталығын ашуды жоспарлап отыр. Ел табысты дамуы үшін өзінің өткенін білуі керек» дегенді алға тартты.

Жас ғалымдармен қатар, Форумда кез келген адам қатыса алатын ашық дәрістер өткізілді.

Медицина бойынша қазақстандық және америкалық ғалым Алмаз Шарман өз дәрісінде NutriSteppe деректер ғылымына негізделген денсаулық сақтау технологиясын ұсынды.

«Дамыған заманауи адам үшін физикалық белсенділікті сақтау және жаман әдеттерден бас тарту –сау, әр түрлі, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануға деген ұмтылыспен тығыз байланысты», - дейді сарапшы. «Алайда, сенімді және ғылыми негізделген қоректік ақпаратқа қол жеткізу – көптеген адамдар үшін маңызды мәселе. Көптеген адамдар Интернетте және әлеуметтік желілерде қаптаған, тексерілмеген және күмәнді ақпараттар арқылы адасады. Осыған байланысты біз дұрыс тамақтанудың көп функциялы технологиясын жасадық. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы енді сау тамақтану мен азық-түлік сатып алу туралы таңдау жасай алады. Сонымен қатар, бұл технология дәрумендер мен микроэлементтердің бір-бірімен және әртүрлі препараттармен өзара әрекеттесуін, тиімділігін, ықтимал қауіптерін, жанама әсерлерін талдау арқылы диеталық қоспаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Форумға қатысу үшін арнайы Мәскеуден келген спикер, «Ұлттық технологиялық бастамасы 2035» AКҰ университетінің ректоры Нина Яныкина бейнебайланыс арқылы білім беру тенденцияларын ұсынды. Ол университеттердің өзара әрекеттесуі, оның ішінде, желілік магистратураны ашу, оқу процесін басқару және мәліметтер негізінде басқару шешімдерін қабылдау, жеке білім траекторияларын енгізу, студенттердің цифрлық ізін жинау және талдау жайлы баяндады.

Студенттердің білім беру бағдарламалары мен мамандық таңдауға қатысты Нина Яныкина IT -мамандарға, деректермен жұмыс жасайтын мамандарға және жасанды интеллект технологияларына сұраныс жоғары екенін айтты. Сонымен қатар, пәнаралық бағыттар жұмыс берушілер арасында әсіресе сұранысқа ие. Мысалы, медицинадағы ІТ, білім берудегі нейротехнология және т.б. Сондай-ақ, болашақ мамандары жұмсақ дағдыларды, соның ішінде коммуникациялық дағдыларды, топта жұмыс жасауды, белгісіздік жағдайында, жоспарлау мен өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамытуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңестің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» 1 -ші Халықаралық жас ғалымдар форумы өтіп жатыр.

Шара гибридті форматта өтеді. Кейбір спикерлер Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алматыдағы өкілдігінде, қалғандары Қазақстанның әр түрлі қалаларынан және әлем елдерінен онлайн режимде форумға қосылады.

Форумға Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Канада, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция елдерінен 14 елден 200-ге жуық спикер мен баяндама жасаушылар қатысады.

Форум әртүрлі елдерден, тілдік және уақыт айырмашылығына қарамастан, сарапшыларды, атақты ғалымдармен онлайн форматта байланысуға мүмкіндік береді. Осылайша шекараны кеңейтеді және қазақстандықтарды ғылыми жетістіктер саласындағы жаңалықтармен және әлемдік тенденциялармен таныстырады.

Ауқымды шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақы және ғылыми жобалардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталады. Тыңдаушылар әлемнің кез келген жерінен  scienceforum.kz сайтындағы тікелей эфирге қосыла алады.

Форумға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігі қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, АХҚО, «Атамекен» ҚР АЭС, Astana Hub, Автономды кластерлік қоры «Инновациялық технологиялар паркі» қолдау білдірді.

Форумға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты, Астана IT университеті, Тұран университеті, Каспий қоғамдық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Болашақ» университеті, Қазақстанның жас ғалымдар-педагогтарының қауымдастығы, Қызылорда облысы цифрлық технологияларды басқару ақпараттық технологиялар орталығы жан-жақты қолдау көрсетті.

Бағдарлама жайлы толығырақ ақпарат scienceforum.kz. сайтында жарияланған.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев қорының

Алматыдағы өкілдігі,

PR-менеджер Артур Жұмашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com.

Түсініктеме қалдыру