news-img

2021 жылдың 20 қазанында, сағат 14.00-де «OPEN MIND» ашық инновациялардың «Цифрлық трансформация және жаңа өмір сапасы» тақырыбындағы алғашқы онлайн-форумы басталады.

Форум трансляциясы openmind.fnn.kz сайтында көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастыратын Форумға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, корпоративтік секторы, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, цифрлық қызметтерді шетелдік әзірлеушілер, IT -компаниялардың басшылары және т.б қатысады.

Форумның тақырыбы – коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемде дамып жатқан жеделдетілген цифрлық трансформацияға арналады.

Форум қатысушылары ашық инновациялық формат мемлекеттік платформаларда цифрлық технологияларды ілгерілетуге, жаңа технологиялық стартаптардың пайда болуына және білім берудегі озық тәсілдердің жүзеге асуына қалай көмектесетінін талқылайды.

Панельдік сессиялар аясында GovTech технологияларына ерекше назар аударылады.

Форумның екінші күні стартаптар тақырыбына арналады. Қазақстандық стартаптар сыртқы нарыққа қалай шығады? ИТ-аутсорсингті дамыту,  қалай қазақстандық университеттер жаңа технологиялық жобалар пайда болатын алаңға айналады? Осы сұрақтар бойынша талқылау болады.

Форумда «KazRoboProject-2021» робототехника сайысы, «Smart Zholy» хакатоны өтеді және жаңа перспективалы цифрлық бағдарламалардың іске қосылуы туралы хабарланады.

Форумға қатысу үшін openmind.fnn.kz сайтында тіркелу қажет.

Түсініктеме қалдыру