news-img

Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн форматта өтті. Олимпиадаға қатысу үшін 47 мектептен 294 өтініш жіберілген. Қатысушылар Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары.

Білім жарысында ассистент-профессор, PhD докторлары, Қор қызметкерлері және оқу орталықтарының басшылары коммисия болды.

Олимпиадаға қатысушыларға тест тұрақтары және ашық сұрақтар, жазбаша түрде жауап беруге арналған тапсырмалар берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар тізімі:

І орын – Секенова Айгерім, Алмалыбақ ауылдық орта мектеп-гимназиясы;

ІІ орын – Жебегенқызы Алуа,  Абай ауылдық №2 орта мектебі;

ІІІ орын – Қадылбекова Ақниет, Қарасай батыр атындағы орта мектеп.

Түсініктеме қалдыру