Ғалым Валерия Недлина: Ғылыми қауымдастық қазақ музыкасының цифрлық мұрағатын ұйымдастыру қажет екендігін қызу талқылап жатыр
Өткен демалыс күндері ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің «Тарихи ресурстар» зерттеу тобының XXIII халықаралық симпозиумы өз жұмысын аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ICTM және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұйымдастырды.
Симпозиум гибридтік форматта өтті. Іс-шара Қазақстан, Аргентина, Португалия, Бельгия, Германия, Швейцария, Австрия, Венгрия, Латвия, Словения, Түркия, Словакия, Қытай және Грузия ғалымдарының басын бір виртуалды платформада біріктірді. Ғылыми форум аясында 8 секцияның отырысы өтті. Онда 26 баяндама жасалды.
Кездесудің әр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен оқытушылары дайындаған қазақтың дәстүрлі музыкасының онлайн-концерттерімен аяқталды. Алғашқы концерт халық музыкасы факультетінің дәстүрлі аспап сыныптары мен щеберлеріне арналды.
Екінші күні «Тұран» этно-фольклорлық тобының көмегімен симпозиум қонақтары қазақтың дәстүрлі аспаптарымен танысты. Үшінші лекция-концертте халық әншісі, этномузыкатанушы Бағлан Бәбижан қатысушыларды қазақтың ән дәстүрінің сан алуан түрімен таныстырды. Барлық концерттерді консерваторияның YouTube арнасынан көруше болады.
Симпозиум соңында жұмыс қорытындылары шығарылып, одан әрі зерттеудің өзекті бағыттары айқындалды. Жетекші ғылыми сарапшылар талқылаған көптеген мәселелерді «әлем халықтарының музыкалық мәдениеттерін отарсыздандыру және ХХІ ғасыр қоғамындағы музыкалық мұрағаттардың функциясы» деп екі тақырыпқа біріктіруге болады.
Бірінші тақырып – мәдени құндылықтарды репатриациялау, бірлескен халықаралық мұрағаттық және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, өткеннің мәдени мұрасын, оның ішінде ХХІ ғасыр мұрасын қайта бағалау секілді бағыттарды қамтиды.
Екіншісі – цифрландыру мәселелерін, мұрағаттық және мұражайлық жинақтарды ұсынудың заманауи нысандарын, кең аудиторияға жеткізу мәселелерін, қазіргі қолданыстағы музыкалық дәстүрлерді және олардың өкілдерінің шығармашылығын тарихи-мәдени контексте зерттеуді көздейді. Бұл екі тақырып 2022 жылы Бельгияда өтетін тарихи ресурстарға арналған симпозиумда талқыланатын болды.
Зерттеу тобының тең төрағасы, этномузыкатанушы, Авейро университетінің профессоры (Португалия) және INET-md этномузыкалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сусана Сардо: «Этномузыкатану бағытында «мұрағаттық бетбұрыс» жасалып жатыр. Қазіргі заманауи әртүрлі ұлттық және этникалық мәдениеттерді зерттеушілер музыкалық фольклор жинақтарын жинаудың 200 жылдан астам уақыт бойы сақталған тарихи дереккөздерді, әлем халықтарының музыкасын олардың тарихының шынайы бейнесі негізінде егжей-тегжейлі қайта қалпына келтіру барысында қайта бағалаудың өзекті қажеттілігін сезініп келеді», – деді.
Төрағаның орынбасары, этномузыкатанушы және антрополог, Буэнос-Айрес университетінің (Аргентина) профессоры Мигель Гарсиа мұрағаттарда сақталған мәліметтерді де, оларды пайдалануды авторлық құқық тұрғысынан реттеуді де қайта қарау керектігін айтты.
– Зерттеушілер және дәстүрлі музыканың көзі тірі өкілдері үшін ноталардың өзі, аудио және бейне жазбалар ғана емес, сонымен қатар метадеректер: белгілі бір үлгілердің қайдан, кімнен, қалай және кімнен алынғаны туралы ақпарат құнды саналады. Ғылыми қауымдастық дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұраны білдіретін ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнамалық нормаларды қайта қарау үшін бастама көтеруі қажет, – деді спикер.
Зерттеу тобының тең төрағасы, этномузыкатанушы және мұрағатшы, Вена фонограммалық мұрағатының өкілі Герда Лелейтнер тарихи дереккөздерді зерттеу мақсаттарының біріне назар аударды. Оның пікірінше, орындаушылардың және қазіргі заманғы концерттік тәжірибеде, сондай-ақ трансформация процестерін зерттеу дәстүрлі музыка сыртқы және негізінен саяси факторлардың әсерінен тарихтың әртүрлі кезеңдерін бастан кешірген. Сондықтан қазіргі заманғы репертуардағы жоғалып кеткен немесе нашар ұсынылған музыкалық дәстүрлерді жаңғыртуға көңіл бөлу керек.
Қазақстаннан ұйымдастыру комитетінің өкілі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Валерия Недлина симпозиумның және онда талқыланған мәселелердің еліміз үшін маңыздылығына мән берді.
– Отандық ғылым әлемдік үрдістерге сай дамып келеді. Мұрағаттарды сақтау, олардың цифрлық баламаларын құру, қазақстандық мұрағаттарда да, шетелдерде де сақталған қазақ музыкасы туралы тарихи дереккөздерге қол жеткізу біздің зерттеушілерді де алаңдатады. Соңғы жылдары қазақстандық ғылыми қоғамдастықтың қазақ музыкасының Цифрлық мұрағатын ұйымдастыру қажеттігі туралы қызу талқылауы бекер емес. Симпозиум барысында алынған әдістемелік көмек, сондай-ақ Венгрияның музыкатану институтының, австриялық фонограммалар мұрағатының, Словения, Бельгия, Латвия және Португалия ғалымдарының ғылыми кадрларды даярлаудағы ынтымақтастық туралы ұсыныстары жүзеге асыруға сөзсіз ықпал етеді, – деп жас ғалым сөзін түйіндеді.
Симпозиумға қатысушылардың пікірінше, оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ерекше назар аударуы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сияқты беделді ұйымның жан-жақты қолдауы – Қазақстанның ұлттық сананы жаңғыртуға және қазақ мәдениетінің байлығын дүние жүзіне таныту мақсатында талқыланған мәселелердің маңызды екенін айқындайды.
Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев
қорының өкілдігі
PR-менеджер Артур Жумашев,
+7 708 960 56 13,