news-img

Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында VII халықаралық «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының байқау-фестивалінің марапаттау рәсімі және Гала-концерті өтті.

Байқау-фестиваль 2021 жылдың 4-7 қарашасы аралығында болды. Ауқымды шараны А.Селезнев атындағы  Алматы хореографиялық училищесі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастыр. Биылғы шығармашылық байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Байқау-фестивальдің мақсаты – ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және танымал ету, педагог-хореографтардың кәсіби қоғамдастығын нығайту, хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктермен және халықаралық  жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Өз кезегінде, хореографиялық оқу орындары арасында талап байқауға қатысу үшін талаптар қойылды. Олар: хореографиялық өнер саласындағы жас дарындарды анықтау; дарынды жас балет әртістерін насихаттау; хореографиялық оқытушылардың, хореографтардың, мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылық қоғамдастығын нығайту; хореографиялық өнер саласындағы жас таланттарды анықтау; ұлттық хореографиялық өнерді дамыту.

Биылғы маусымдағы «Өрлеудің» байқауына Қазақстан, Ресей, Башқұртстан, Жапония, Германия, Бурятия, Якутия және Оңтүстік Кореядан 100-ден астам үміткер қатысты. Олардың арасында хореографиялық оқу орындарының өкілдері, кәсіби би ұжымдары мен балет әртістері бар.

Байқау қашықтан ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылардың барлық өнерлерін «OrleuFest» YouTube арнасынан көруге болады.

Қатысушылардың жұмысын беделді қазылар алқасы бағалады. Қазылардың қатарында: Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, қазылар алқасының төрағасы Юрий Васюченко; Ресей Федерациясының халық әртісі, Үлкен театрдағы балет труппасының жетекшісі (Мәскеу, Ресей) Галина Степаненко; балет әртісі, балетмейстер, халықаралық байқаулардың дипломанты және лауреаты, Токио (Жапония) Жаңа ұлттық театрының жетекші солисті Майлен Тілеубаев бар.

Байқау өте қызықты өтті. Осы шара барысында балет өнерінің дұрыс бағытта келе жатқанына көз жетіздік. Оқытудағы кемшіліктер бірден байқалатын сабақтың көрсетілгені өте жақсы. Балет – бұл жалаң техника мен қулық емес. Балет – сезім, сұлулық пен тазалық. Біздің байқауда мұны барлығы түсінгенін байқадым. Барша қатысушыларға, ұстаздарға, хореографтарға және тамаша «Өрлеу» байқауына атсалысқан барлықтарыңызға тағы да алғыс айтамын, –  деді қазылар алқасының төрағасы Юрий Васюченко.

Байқау жеңімпаздары дәстүр бойынша аты аңызға айналған Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында марапатталды. Сол жерде фестиваль қатысушыларының Гала-концерті өтті. Олар үздік хореографиялық рөлдерді орындап, таланты мен жетістіктерін көрсетті.

Жүлделер мен атақ алған бірінші лауреаттар:

  1. «Классикалық би» аталымы бойынша кіші топ:

Александра Козлова — Красноярск хореографиялық колледжіесей).

2. «Классикалық би» аталымы бойынша үлкен топ:

Дамир Тлесбаев — А. Селезнева атындағы Алматы хореографиялық училищесі (Қазақстан).

3.«Классикалық би» аталымы бойынша «Артисты балета» тобы:

Дмитрий Выскубенко — Баварск мемлекеттік опера және балет театры (Германия).

4. «Халық, фольклорлық-сахналық, стильдендірілген халық биі, фольклор» номинациясы бойынша:

Р.Нұреев атындағы Башқұр хореографиялық колледжінің тобы.

5. «Заманауи хореография» аталымы бойынша:

Анастасия Светлишина — Красноярск хореографиялық колледжіесей).

А.Селезнева атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенті Адия Манабасова «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының VII халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты» атағын алды және Бас жүлдегер атанды.

Барлық жеңімпаздарға дипломдармен, ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Оларға ақшалай сыйлықтар, демеушілік сыйлықтар және еліміздің жетекші театрларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді.

Байқау-фестивальдің толық қорытындылары фестивальдің orleufest.com сайтынынан көруге болады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматы қаласындағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жумашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру