news-img

«Астана клубының» алтыншы жұмысы жалғасуда.

Бүгінгі отырыстар барысында отандық және шетелдік сарапшылар мемлекетаралық саяси қайшылықтар, ядролық қауіпсіздік, жергілікті геосаяси қақтығыстардың аймақтарға әсері мәселелерін талқылады.

Жиында «Еуразия таңы» бестселлер кітабының авторы, Flint Global компаниясының бас кеңесшісі, Португалияның Еуропа істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы (2013-2015) Бруно Масаеш модератор болды.

Талқылауға қатысушылар - Кевин Радд, Азия қоғамдастығы институтының Президенті және Бас директоры (2007-2010, 2013)

Майкл Пиллсбери, Хадсон Институтының Қытай жөніндегі орталығының директоры, Президенттер Р.Рейган, Дж.Буш (үлкен), Д.Трамптың кеңесшісі, «Жүз жылдық марафон: Қытайдың құпия стратегиясы» бестселлерінің авторы, Ван Хуэйяо, «Қытай мен жаһандануды зерттеу Орталығының» Президенті (CCG) және т.б

Отырыс барысында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда бәсекесі уақыт өте келе әлемдегі ең ірі екі экономиканың күрделі текетіресіне айналғаны айтылды.

«АҚШ-тағы адамдар соғыс кездейсоқ болуы мүмкін деп алаңдайды. Соңғы 2 жылда мен осындай болжамдарды көп естідім және талқыладым. Бұл өте үлкен мәселе. Бүгінгі сессия барысында қарама-қайшылық туралы айтсақ, мен үшін әскери қақтығыс ядролық соғыстың мүмкіндігін де қарастырады», – деп Майкл Пиллсбери бір текетірестің болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Ал Ревин Радд АҚШ пен Қытайдың бәсекеге түсіп жатқанына тоқталды.

«Қытай – қазірдің өзінде АҚШ-пен тайталасатын, бәсекелесетін қуатты және ықпалды күш орталығына айналды. Қазір Америка негізгі барлық заманауи технологияларға ие және технологиялық даму бойынша Қытайдан көш ілгері. Қытайда тек АҚШ-та шоғырланған өндірістер, өткізгіштер мен жартылай өткізгіштер жетіспейді. Бұл тұрғыда Қытай Америкадан артта қалып барады. Қытай АҚШ-ты қуып жетіп, басып озу мақсатыда жаңа технологиялық саясатты қолға іске асыруға кірісті. Сондықтан алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас қиындайды. Бұны арты сынақтарды алмасуына әкеледі және баршамызды шиеленіс кезеңі күтіп тұр», – деді Р. Радд.

Өз кезегінде Қытай және жаһандану мәселелерін зерттеу орталығының президенті Ван Хуйяо: «Қытай – бейбітшілікті сүйетін ел. Біз басқа елдерге белсенді түрде инвестиция салып, бүкіл әлемнің игілігі үшін жұмыс істейміз. Біздің қақтығыстан ұтарымыз жоқ», – деді.

Майкл Пиллсбери мемлекеттер арасындағы, әсіресе, Қытаймен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Иоганнес Линн «Біреудің жағдайы нашарласа, мен пайда көремін» деген түсінік бар. Бұлай ойлаудың салдары проблемалар туындатады. Экономикалық дағдарыстар мен вирустар сияқты жаһандық қауіп-қатерге қарсы әрекетке теріс әсер етеді» деген пікірін баса айтты.

«Біз позитивті ойлауға қайта оралудың амалын табуымыз керек. Бүгін жанжалда бәрі жеңіледі!», – деді ол.

Жалпы алғанда, отырыстарға қатысушылар қазіргі уақытта жаһандық қауіп-қатерлерді ескере отырып, мемлекеттердің өзара әрекеттесуі, барлық салаларда өзара әрекеттесу жолдарын іздестіру маңызды деген ортақ пікірге тоқтады.

«Астана клубының» алтыншы жұмысы 17 қарашаға дейін жалғасады.

Түсініктеме қалдыру