news-img

2021 жылдың 24-26 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық коллежінде дәстүрлі орындаушылардың V республикалық «Көшпенділер әуені» байқауы өтеді. Байқау 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және шығармашылық мамандықтар бойынша оқитын жастар арасындағы басты жарыстардың біріне айналды.

Биыл «Көшпенділер әуені» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Жобасының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық аспаптық және вокалдық музыкалық мұрасын насихаттау, оның түпнегізін сақтау, қазақтың әртүрлі орындаушылық дәстүрлерін көрсететін жас дарынды халық музыканттарын анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға қатысуға еліміздің музыкалық колледждерінде оқитын студенттерден 70 өтініш түскен.

Олар байқауда үш аталым бойынша өнер көрсетеді: «Құрманғазы – домбыра», «Қорқыт – қобыз», «Фатима Балғабаева – (прима) қобыз». Ескерте кетейік, номинациялар қазақ халқының аспапта орындаушылық өнерінің көрнекті өкілдерінің құрметіне аталды.

Қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Меруерт Қаленбаева; ҚР еңбек сіңірген әртісі Құндыз Қаламбаева; Мәдениет қайраткері, профессор Шолпан Рауандина; П.Чайковский атындағы АМК домбыра кафедрасының меңгерушісі, профессор Төлепберген Тоғжанов және т.б. Қазақстанның халық орындаушылық өнерін насихаттап жүрген белгілі музыканттар мен оқытушылар бар.

Байқау қорытындысында әр аталым бойынша лауреаттар мен дипломаттар анықталады. Олар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Бас серіктес – «Nomad Life» АҚ өмірді сақтандыру компаниясы.

Дәстүрлі орындаушылардың V республикалық «Көшпенділер әлемі» байқауының бағдарламасы:

• 24 қараша, 10:00 – салтанатты ашылу рәсімі (АМК, Е. Серкебаев атындағы концерт залы);

• 24 қараша, 11:00 –  I кезең тыңдау;

• 25 қараша, 9:00 – II кезең тыңдау;

• 26 қараша, 14:00 – жеңімпаздарды марапаттау және лауреаттардың гала-концерті (АМК, Е. Серкебаев атындағы концерт залы).

Байланыс:

П.Чайковский атындағы АМК, Манас 13.

+7 701 711 3645 – ОӘБ директердің орынбасары Мұқышева Гүлмира Құрабайқызы.

muzcollege@mail.ru , +7 (727) 379-92-25 (Оқу-әдістемелік бірлестік).

Түсініктеме қалдыру