Сарапшылар: Цифрландыру процесі жедел әрі тыңғылықты болуы керек
Алматыда «Қазақстандық қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында XV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Шарада ақпаратқа тең қолжетімділік, балаларды кибербуллингтен және заңсыз контенттен қорғау, киберқылмыстардың алдын алу бойынша негізгі мәселелер қамтылды.
Форум жұмысына ғалымдар, зерттеушілер, заңгерлер мен тәжірибелі заңгерлер қатысты.
Каспий университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі бірінші проректоры Нұржамал Дүйсенғұлова, Жолдасбек Нүсенов ректор атынан жиналғандар алдында сөз сөйлеп: «Білім, медицина, қаржы және сот жүйесіне енген цифрлық технологиялар дәстүрлі қарым-қатынастың түрлерін алмастырмағанын» айтты.
Жиынға қатысушылар цифрлық революцияның артықшылықтарына қарамастан, оның тәуекелдері барына назар аударды. Сарапшылардың пайымдауынша, жасанды интеллект – жеке тұлғаның жеке кеңістігін және табиғи құқықтарын бұза отырып, мемлекеттің толық бақылауын қамтамасыз ете алады.
– Қоғам өмірін одан әрі цифрландыру барлық мүмкін салалардағы цифрлық адам құқықтарын талқылауды өзекті етеді. Ал қазақстандық заңгерлер виртуалды коммуникацияны реттеудің заңнамалық нормаларын жетілдіре отырып, цифрлық әлемді құқықтық тұрғыдан қолдану тәжірибесін қалыптастыруға өз үлесін қосуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің төрағасы Ермек Тоқтаров.
Құқық қорғаушы Халида Әжіғұлова интернетте адам құқығын қорғау, кибербуллинг мәселелерін көтеріп, болуы мүмкін қауіп түрлері жайлы мәселе көтерді.
Қытай тәжірибесіне сүйенген, профессор Әлипаша Гараев соңғы технологиялардың көмегімен мемлекеттің жеке тұлғаны толық бақылауды ұйымдару мүмкіндігі туралы айтты. Бұған жол бермеу үшін мемлекет азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, белгілі бір мүдделер тепе-теңдігін табуы керек.
Конференцияны қорытындылай келе, профессор Роман Подопригора жаңа технологияларды енгізу кезінде халықтың цифрлық сауаттылығының төмендігіне қатысты объективті факторларды ескеру қажет екенін атап өтті.
Қатысушылар цифрлық революция қоғамдық қатынастардың барлық салаларына, ең алдымен, құқық қорғау институтын құқықтық реттеуге елеулі әсер етуі мүмкін деген тұжырымға бірауыздан келісті. Сондықтан цифрландыру үдерісі оның тек оң жақтарын ғана емес, конституциялық құқықтар мен адамның жеке бостандықтарын бұзуы мүмкін тәуекелдерді анықтауды терең ғылыми талдаумен ұштастыра отырып, теңгерімді және мұқият жүзеге асырылуы керек.
Конференцияны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Әділет» Жоғары заң мектебі мен Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Шара Халықаралық адам құқықтары күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі
PR-менеджер Артур Жумашев
pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13