Шымкентте өткен конференцияда жас ғалымдардың COVID-19 диагностикасы мен емі бойынша зерттеулері ұсынылды
Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты VIII халықаралық ғылыми конференцияда студенттер, магистранттар мен докторанттар 14 бағыт бойынша ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды.
Конференция барысында қатысушылар бүгінгі күні бүкіл әлем үшін өзекті тақырып – диагностика, емдеу және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы талқылады. Студенттер COVID-19-ға қарсы перспективалы табиғи профилактикалық агенттерді анықтауға және оның вакцинацияланғандарға қалай әсер ететініне ерекше назар аударды.
– Академия алаңы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің жан-жақты қолдауымен түрлі елдердің жас ғалымдары мен студент жастарын біріктіреді. Ұйымдастырушылар ретінде біз дарынды жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарға қызығушылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Олар әрі қарай кәсіби тұрғыдан өсу үшін күш-жігерін сынап көрген кезде, олардың зертханаларда жұмыс істеуге деген қызығушылығы артады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлығының лауреаты, ОҚМА-ның бірінші проректоры, профессор Марлен Есіркепов.
Кеңес төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Сухраб Жапаров Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес пен ОҚМА арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы айтты. Соныен қатар ол, академия студенттері Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаттары екенін айта кетті.
Биыл конференцияға Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстаннан онлайн және офлайн форматта 300-ден астам студент қатысты.
Конференцияның секциялық отырыстары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемдік дамудың жаһандық мәселелерін талқылау үшін дүниежүзі бойынша ақылдылар бас қосқан G-global коммуникациялық алаңы – Интернет-платформасында бірнеше рет өтті.
Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі
PR-менеджер Артур Жумашев
pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13