news-img

Жаңа жыл қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінде Қор жанындағы Ғылым және мәдениет жөніндегі кеңестердің офлайн және онлайн форматта отырысы өтті. Жас ғалымдар, зерттеушілер, мәдениет қайраткерлері өткен жылды қорытындылап, Қордың ғылым мен өнерді дамытудағы рөліне мән берді. Алдағы маусымда іске асыруға тиіс жоспарларды нақтылады.

2021 жылды қорытындылай келе, Ғылым кеңесі Қор ұйымдастырған екі ауқымды алаңды – 1-ші Халықаралық жас ғалымдар форумын және «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция» халықаралық конференциясын жүзеге асыруға белсене қатысқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ Кеңес мүшелері жыл бойы серіктестеріміз өткізген түрлі ғылыми іс-шараларда баяндама жасады.

Екі Кеңес те жастарға арналған келесі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ауқымды сараптамалық жұмыстар жүргізді. Олар: студенттік стипендия конкурсы, ғылыми жоба және ғылыми гранттар байқауы, «Үздік жас ғалымдар кеңесі» байқауы.

Мысалы, осы жұмыстың нәтижесінде 80 үздік қазақстандық студент стипендиат атанды. Екі ғылыми ұйым жас ғалымдарға арналған кеңестерін дамытуға гранттар және үш жас ғалым өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын жүзеге асыру үшін гранттарды жеңіп алды.

Жиын соңында Кеңес мүшелері алдағы жылы іске асыруға болатын идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар екі ұйымның ынтымақтастығы, Қордың миссиясын жүзеге асырудағы жұмысты күшейту, Елбасының ғылым мен өнер саласындағы негізгі идеялары мен бастамаларын ілгерілету мәселелеріне қатысты ойларын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Түсініктеме қалдыру