news-img

VII халықаралық «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының байқау фестивалінің Гран-при иегері Адия Манабасова жоба жайлы ойымен бөлісті.

Байқауға мен екінші рет қатыстым. Тек онлайн форматта өткеніне сәл көңілім түсті. Дәстүрлі форматта қатысу кезіндегі сезімге ештеңе жетпейді. Сахнаға шығар алдында сол бір сезімді қайтадан сезінгім келеді, басқа сайыскерлерді көзбен көріп, тілдесіп, олардан да игі бір дүние үйренгім келді. Жоба офлайн режимге оралып, қатысушылар тәжірибе алмасып, қобалжу мен қуанышты сәтті сезіне алады деп үміттенемін. Бұл өте маңызды, — деді талантты биші.

Айта кетейік, VII халықаралық «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының байқау фестивалі 2021 жылдың 4–8  қараша аралығында өтті. Мақсаты – ұлттық хореографиялық өнерді қолдау, дәріптеу, педагог-хореографтардың кәсіби қоғамдастығын нығайту, хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктермен және халықаралық жұмыс тәжірибесімен алмасу.

— «Өрлеу» байқауы жас хореографтарды қанаттандырып, талантын, әлеуетін және мүмкіндігін ашуға сенім ұялатады. Студенттерге үйренген нәрсесін көрсету қажет. Шетелдік қатысушылар мен кәсіби қазылар алқасымен тілдесу, өзінің күшті жақтарын көрсету өте маңызды, — дейді А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің II курс студенті Адия Манабасова.

Түсініктеме қалдыру