news-img

Тіл үйренуде оқушының жеке жауапкершілігі, жүйелі көзқарасы қана емес, сонымен қатар оқыту ресурстарын таңдау маңызды рөл атқарады.

«Soyletube» Youtube каналы арқылы қазақ тілін оңай үйренуді ұсынамыз!

Бейнежобаның оншақты шығарылымын Ақын Ақынұлы деген лақап атпен Андрей Фендриков жүргізеді. Ол өмірде болатын оқиғалар мен ұлттық мәдениетті мысал ретінде көрсету арқылы тіл үйренуді жаңадан бастағандарға көмектеседі.

Бір нәрсені меңгеру үшін қарапайым нәрселерден бастау керек. Бұл қағиданы Ақын Ақынұлы «Soyletube» каналында қолданады. Тілдегі жаңа сөздерді, сөз тіркестерін зерттеу қарапайым ғана сөйлесу арқылы жүзеге асады. Етістік жалғаулары қалай дұрыс жазылады?

Дәрігер, сатушы, такси жүргізушісімен қалай сөйлесуге болады? Қалай ілтипат білдіруге болады? Осы және тағы басқаларын «Soyletube» шығарылымдарын көру арқылы білуге болады.

Ықыласпен оқып, көздеген мақсаттарыңызға жетіңіздер!

Түсініктеме қалдыру