news-img

«Елбасы Медалі» жобасына қатысушылар жауапкершіліктің, алға мақсат қоя білушіліктің, қайырымдылықтың үлгісі болып табылады.

Соның бірі Диана Мырзағалиеваға ерте жаста дизартрия диагнозы қойылды (церебральды сал ауруының жеңіл түрі). Бүгінде қайсар қыз сауығып, еріктілікпен белсенді түрде айналысады, ерекше балаларға арналған кітап жазған.

15 жасында БҰҰ еріктілерінің 50 жылдығына арналған байқауда «Мүгедек адамдарға көмек көрсетіп, еріктілікті дамытуға қосқан көрнекті үлесі үшін» номинациясын жеңіп, әлемнің үздік еріктілерінің бірі атанды.

Бұған қоса, Диана Франция мен Германия елшіліктерінің байқауында қоршаған ортаны сақтауға қосқан үлесі үшін бірінші орын алып, Елбасының қола медалін иеленді.

- Ерекше күтімді қажет ететін балаларға үлгі болғым келеді. Оларды ынталандырып, көмектесе алатыныма қуаныштымын, - дейді Диана Мырзағалиева.

Айта кетейік,  «Елбасы Медалі» жобасы - 14-29 жас аралығындағы жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісінің иегерлерінің балы тең болған жағдайда Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау үшін білім беру гранттарын алуға басым құқыққа ие болады.

Мемлекеттік білім беру гранттары Елбасы медалінің 605 иегеріне берілді, олардың 30%-дан астамы ауыл мектептерінің түлектері.

Қазіргі таңда «Елбасы Медалі» бағдарламасына 10 000-нан астам адам қатысқан.

Түсініктеме қалдыру