news-img

Қаржыгерлер болжам, талдауды ғана біледі десеңіз қателесесіз. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің төртінші курс студенті Мадина Нұрланқызы сөзімізге дәлел.

Мадина «Қаржы» мамандығы бойынша білім алуда. Студенттік жылдары республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген олимпиадаға, конференцияға және курсқа қатысты. Атап айтсақ, «Инвестициялық банкинг» және «Цифрлық экономика: технологиялар нарықты қалай өзгертеді» курстары, «Білім беруді жаңғыртудың жаңа кезеңі: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция, VII International Scientific and Practical Conference ICHALLENGES IN SCIENCE of NOWADAYS және т. б. 

Сонымен қатар, Мадина Нұрланқызы KASE Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған «Биржалық симулятор» жобасына қатысты, «КАСКАД» халықаралық экономика және менеджмент мектебінде оқыды, «Turan Entrepreneurship – 2021» қысқы кәсіпкерлік мектепті онлайн тәмамдады.

- Студенттерге ірі мақсат қоюды және соған жетудегі қадамдарды жоспарлап үйренулері керек. Неліктен ірі мақсат? Қазір бәріміз жігерлі әрі батыл, тәуекелді бел буып, тәжірибе жинай аламыз. Болашақта асқақ арманымызды жүзеге асыруға батылдық пен уақыт болмайды. Сондықтан қазір тәжірибе жинап, мақсатқа қарай нық қадам жасау керек, - дейді Мадина Нұрланқызы.

Мадина «Ғылым әлемінде» III Республикалық қашықтан ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында II орын, «Қоғам белсендісі – Үздік көшбасшы – 2021» республикалық байқауында I орын, «Қазіргі заманғы ғылым» VII республикалық қашықтан ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында II орын иеленді.

- «Қаржы» мамандығы экономикалық ақпаратты дұрыс пайдалану мен  талдау жасауға қажет. Мен университет бітірген соң білікті маман болу үшін экономикалық саланы тереңірек зерттеуді ұйғардым. Ғылым маған болашаққа қажетті білімді меңгеруге көмектеседі, - дейді талантты стипендиат.

Түсініктеме қалдыру