news-img

Дарынды стипендиаттар туралы жазбамызды жалғастырамыз. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шет тілі» мамандығының төртінші курс студенті Әсел Талаповамен таныс болыңыздар.

 
            Әсел халықаралық және республикалық олимпиадаларға, форумдар мен конференцияларға, сонымен қатар, білім ордасының қоғамдық өмірі мен ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысады. Ал университетте денсаулық сақтау, жастар саясаты, пандемиямен күрес және т.б. мәселе бойынша түрлі іс-шаралар мен конференциялар өтеді.

 

Білімді бойжеткен оқумен қатар, бастауыш және орта сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді. «English Language Study Advanced» деңгейінде ағылшын тілі бойынша сертификаттың иегері.

 

Әселдің жетістіктері ішінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық олимпиадасында үшінші орынды, «BILIMDILER DODASY» зияткерлік ойынында бірінші орынды, университеттің филология факультеті ұйымдастырған «Үздік полиглот» номинациясындағы жеңісін ерекше атауға болады.

 

— Құрдастарыма аянбай еңбек етіп, жақсы оқуға, сүйікті ісімен айналысуға кеңес беремін. Ең әуелі басты мәселені, яғни шаруаны маңызына қарай бөлу керек. Сосын мақсатты анықтап, соған жетудегі іс-шаралар жоспарын түзіңіз. Әртүрлі бағытта дамып, кез-келген нәрседе бағыңды сынап көруге қорықпау керек. Ниеттің, ынтаның және қажырлы еңбектің арқасында үрейді жеңіп, ірі жетістіктерге қол жеткізуге болады, - дейді Әсел Талапова.

 

Қордың шәкіртақысын алуға арналған байқаудағы жеңісі Әсел үшін өте маңызды іс-шара еді.

 

— Қазіргі таңда студенттердің еңбегі назардан тыс қалмайтынына әрі лайықты бағаланатынына өте қуаныштымын. Оқуда, кәсіби өсуде және өмірлік ұстанымды дамытуға серпін беріп, қаржылық қолдау көрсеткен Нұрсұлтан Назарбаев Қорына алғысымды білдіремін! - дейді Әсел.

 

Түсініктеме қалдыру