Студенттік шәкіртақының республикалық байқауы басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы байқауы басталды. Байқау 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Қазақстанның талантты студенттері арасындағы байқау алғаш рет 2010 жылы өткізілді, міне содан бері 799 адам стипендиат атанды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты – белсенді дарынды жастарды анықтап, студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметін ынталандыру.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақысын алу үшін үлгерімнің жақсы болуы жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін жан-жақты ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жету қажет. Атап айтсақ, конференциялар, форумдар, жарыстар, байқаулар, ел алдында сөз сөйлеу, еріктілік акциялар және т.б.
Ең қызығы, стипендияға тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер үміткер бола алады. Қордың стипендиясы дербес және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен төленеді, яғни конкурсант өзге де гранттық және стипендиялық бағдарламалардың иегері бола алады.
Өтінімнің ережесі мен үлгісі осында жарияланған.
Толық ақпарат:
- Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 305 36 23, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).
- «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін - 8 727 305 36 24, tismailov@fnn.kz (Ысмайлов Тимур Мұратұлы