news-img

Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен мектеп пен жоғары оқу орындары арасында ABU ROBOCON 2022 робототехника бойынша чемпионат өтті.

Жарыстың ақтық кезеңінде ЖОО-нан 22 команда, мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінен 16 команда бақ сынасты. Жүлде қоры бір млн теңге.

Биыл қатысушылар Vex платформасы негізінде өзінің бағдарламалау дағдысын көрсетуге міндеттелді. Лабиринт түрінде ойын алаңында алдын-ала белгіленген аймақтарға кубтық нысандарды жылжытатын автономды роботтарды жасады.

Бұл жарысқа алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы робототехника және жаңа технологиялар зертханасының 15 адамнан тұратын тәрбиеленушілері қатысты. Олардың үшеуі финалға шығып, екінші орынды жеңіп алды.

— Жыл бойы оқушыларды чемпионатқа дайындадық, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Алдағы уақытта біздің балалар робототехника бойынша бірқатар чемпионат пен олимпиадаға қатысады, - дейді  зертхана жетекшісі Дастан Рахатов.

Айта кетейік, робототехника және жаңа технологиялар зертханасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің базасында 2021 жылдың наурыз айында Boshon Robotics жекеменшік білім беру мекемесімен бірлесіп ашылған.

Түсініктеме қалдыру