news-img

Бейбітшілік және келісім сарайында әзілкештер кеші өтті. Мұнда Қазақстан КВН Одағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Jaidarman kids әзілкештерінің ойынын ұйымдастырды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас әзілкештер (орта мектеп оқушылары) өнер көрсетті. Іс-шараға 100-ге жуық бала қатысты.

Балалар өмірдегі түрлі құбылыстарды әзілмен бейнелеп, өзекті мәселелерді көтерді.

«Бүгін өнер көрсеткен балалар өте дарынды. Осы белсенділігі мен талпынысын сақтап қалуын тілеймін. Оқуларыңды жақсы оқып, спортпен шұғылдансаңдар, сендерге әрқашан жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ал зияткерлік әлеуеттеріңді дамытуға Қор өз көмегін ұсына алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Жеңімпаз атанған командалар:

 - I орын: Алматы қаласының «Балалэнд жайдарман тобы» командасы;
 - II орын: «Сары бүркіт» (Батыс Қазақстан облысы, Алғабас ауылы) және «Ақтау ауылының құрамы» құрама командасы (Маңғыстау облысы);
 - III орын: Атырау облысы Тұщықұдық ауылынан келген «Ғажайып құрамы», «Қалай қарайсың?» (Алматы облысы), «Тәтті Tik-Tokлер» (Нұр-Сұлтан қ.) алды.

Жүлдегерлер дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып жаңа табыстар тілейміз!

Түсініктеме қалдыру