news-img

Бүгінде интернет ресурсты пайдалану арқылы тілді оңай үйренуге болады

soyle.kz ақпараттық-білім беру сайты қазақ тілін үйренгісі келетіндерге тамаша мүмкіндік. 

 Бұл біліміңізді толықтыруда таптырмас ресурс!

Мұнда сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға әрі ой-пікірін білдіруге көмектесетін түрлі құралдар бар.

Тест арқылы әрбір жан тілді қаншалықты меңгергенін біле алады. Түрлі тапсырма аясында оқиғаға құрылған және тақырыптық бағытта топтасқан жаңа сөздерді тыңдауға болады.

soyle.kz сайтына кіре отырып қазақ тілін ойындар мен караоке, деректер мен қызықты кеңестер, дәйексөздер және мәдениет қайраткерлерінің қанатты сөздері арқылы үйрене аласыздар.

Әрбір пайдаланушы ресурстағы материалды игеру деңгейін бақылай алады.

Сайтқа кіріп, жаңа білім нәрімен сусындаңыз!

Түсініктеме қалдыру