news-img

23 мамыр күні сағат 14:30-да ауыл оқушыларына арналған 2022 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2022 жылдың 4-13 сәуір аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды. Тестілеу онлайн форматта өткізілді. Ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды.

Екінші кезең 2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылды. Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімге баға беретін компьютерлік тестілеуге қатысты.

Биылғы олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 5-6 сыныптары арасында 150 мыңға жуық оқушы тіркелді. І кезеңге 132 мыңнан астам оқушы қатысты, ал кезең  нәтижесімен ең көп балл жинаған 5000 финалист іріктелді. Қатарластарынан озған мың бала олимпиада жеңімпазы атанды. Олар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын” мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Айта кету керек, ел бойынша қатысудың жоғары көрсеткішін Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облысы оқушылары көрсетті.

«Мың бала»  - ауыл балаларын қолдауға және дамытуға, олардың қалалық құрдастарымен табысты бәсекелесуі үшін жағдай жасауға, білім алшақтығын қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін «білім алу баспалдағына» айналды. 

Ұйымдастырушы: «Елбасы Академиясы» КҚ қолдауымен  ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Түсініктеме қалдыру