news-img

«Баршаңызды балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Ең үлкен құндылық- бұл денсаулық, балалардың болашағы мен бақыты. Біздің облыс елдегі ең тығыз қоныстанған аймақ болғандықтан, әрқашан денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударамыз. Жаңа оңалту орталығы Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында ашылды. Жергілікті бюджет қаражатына ғимарат жөнделді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры орталық мамандарын оқытуды қаржыландырды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен заманауи жабдықтар сатып алынды. Орталық балалардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Мұнда 50 күндізгі және 10 тәуліктік орын бар. Әрі тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия бөлмесі, сенсорлық бөлме, механотерапия кабинеті, бальнеотерапия, интерактивті бөлме, ойын бөлмелері, физиотерапия залы бар. Бұл жерде бір жастан 18 жасқа дейінгі жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетіледі.

Мерекенің құрметіне орай, оңалту орталығының кішкентай пациенттеріне сыйлықтар берілді.

Түсініктеме қалдыру