news-img

Жаңа театр маусымы қарсаңында шығармашылық бастамалар зертханасында BT театрының (Business Theatre) және серіктестерінің үш ерекше жобасы ұсынылды. 
 


Көрермендер ең әуелі ХХ ғасырдың ең ірі және маңызды авторларының бірі Даниил Хармстың әңгімесі бойынша қойылған «Старуха» спектаклін көрді. «Старуха» повесі оның басты шығармасының бірі саналады. Мұнда автордың қиялдың шарықтауы және қатал тұрмыс, өлімді әзілге қосу және өмірдің шаттығына ұмтылыс сынды барлық ой-өзегі біріктіріліп, әлем көріністері көрсетілген. 
 
Қойылымның режиссері Мамед Садых-Пур, ал басты әрі жалғыз рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Виктор Ашанин сомдады. 
 
Бұдан кейін XX ғасырдың басындағы дыбыссыз кино жауһарлары Selfie Orchestra музыкалық импровизациясына экскурс жасалады.  
 
«Синемафон» кездесуінде дыбыссыз кино дәуірінің бірнеше діни фильмдерінің үзіндісі көрсетілді, ал режиссер Мамед Садых-Пур кинематограф коммерциялық ойын-сауық емес, нағыз сиқырлы өнер болған кездер мен технологиялар туралы айтты. 
 
«Пугачев. Рождение» қойылым циклінің көрсетілім аяқталады. Сергей Есениннің поэзиясы, Пугачевтің жеке тұлғасы, Орталық Азияның үздік актерлерінің бірі Марат Әміраевтың таланты белгілі режиссер және актер Алексей Шемес атап өткендей, көрермендерге сахнадағы ұмытылмас сәт сыйлады. 
 
Алғашқы көрермендер қатарында әлеуметтік қызметкерлер, тәрбиешілер, сонымен қатар Алматы қаласының оңалту орталықтарының мамандары болды. 
 
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің жанында шығармашылық бастамалар зертханасы жұмыс істейді. Мұнда өнер қайраткерлері мен талантты жастар өздерінің батыл әрі креативті идеяларын жүзеге асыра алады. BT театры - зертхана резидентінің бірі. 
 


Келесі спектакльдер мен қойылымдардың кестесін @theatre.bt аккаунтынан көріңіз.

Түсініктеме қалдыру