news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Мектепке жол» акциясы аясында тағы 100 балаға мектепке қажетті керек-жарақтар салынған сөмкелерді табыстады. 
 
«Береке» және «Батыр» қоры Ақмол ауылы мен Нұр-Сұлтан қаласының балаларына мектеп құралдарын табыс етті. Мұны 1-4 сыныптағы ерекше қажеттілігі бар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мұқтаж балалар ғана алды. 
 
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары мен еліміздің кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы 150 балаға мектеп керек-жарақтарын берді.

Түсініктеме қалдыру