«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Диснейлендке аттанады
«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының 7-ші маусымы балалардың өнер көрсетуімен аяқталды.
Алматыда Оқушылар сарайының сахнасында осы шығармашылық біріншілік қорытындысы шықты.
Айта кетейік, 5 сәуір мен 15 мамыр аралығында қашықтан іріктеу кезеңі өтіп, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 3 534 бала қатысты.
Іріктеу турының қорытындысы бойынша қазылар алқасы 18 финалистті анықтады, оларға 1 маусым мен 20 қыркүйек аралығында вокал, актерлік шеберлік, фотосессия, телевизиялық роликтер түсіру бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
18 финалист Илья Башкатовтың жетекшілігімен бэнд сүйемелдеуімен танымал халықтық және эстрадалық композицияларды орындады.
Көрермендер «Арманай», «Ақсұңқар» халық әндерін, Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Жеңіс Ысқақова, Мархаба Сәби, Рахат Тұрлыханов, «А-студио», «МузАРТ», «Дос Мұқасан», «Мюзиколла», «JCS» топтарының репертуарынан белгілі композицияларды тыңдады.
Байқаудың қазылар алқасы (Әли Оқапов, Зарина Алтынбаева, Айри және Аян Бірбаев) бэнд музыканттарының жоғары кәсібилігін, режиссураның лайықты деңгейін, вокал бойынша педагогтардың, киім дизайнерлерінің және т. б. жұмысын атап өтті» - деп композитор әрі өнертанушы Назым Мухадиева ойымен бөлісті.
Байқаудың үшінші жүлдесін Максим Скоробогатов (Батыс Қазақстан), Халық Ғалымат (Түркістан обл.), Ислам Кушенов (Қарағанды обл.) иеленді. Екінші жүлдені Алсу Ұлуханова (Алматы обл.) және Дильназ Ежірова (Атырау обл.) иеленді. Жас финалист София Балғазина (Алматы қ.) бірінші орын алды.
7 маусымның Гран-при жүлдесін Ырысгүл Қайратбек (Семей қ.) иеленді. Ырысгүл Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінде оқу грантына және ертегі Диснейлендке - ұмытылмас саяхатқа жолдама алды.
2016 жылдан бастап «Бала дауысы» байқауының бас серіктесі - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.