news-img

Бұрын баланы қорлауды (буллинг) жеңуге қалай көмектесу керектігі туралы психологтың кеңесін жазған едік. Бүгін кибербуллинг (цифрлық технологияны қолдану арқылы қудалау) жайлы айтамыз. Психология магистрі Светлана Богатырева «Аман келешек» балалар инклюзивті фестивалінің білім беру алаңында ата-аналар мен мұғалімдерге желілік қауіпсіздік ережелері бойынша чек-парақты ұсынды. Бұл баланы желідегі қорлаудан қорғауға көмектеседі.

Балаңызбен желілік қауіпсіздік ережесі туралы сөйлесіңіз:

  • Агрессияның белгісі байқалса, дереу әңгімені доғару. Қайта бастаудың қажеті жоқ.
  • Агрессорды бұғаттаңыз және ересектерге хабарлау.
  • Басқа балалардың кибербуллингіне араласпау.
  • Әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдаланып, жалған профильге шағымдану.
  • Желіге тұрғылықты мекенжайы мен оқу орны, үйірмелер, геолокациясы бар фотосуреттер және т.б. жеке ақпаратты егжей-тегжейлі жазбау.
  • Смартфонға түсірілген кез-келген нәрсе ерте ме, кеш пе қоғамға жариялануы  мүмкін екенін ұмытпау.
  • Әлеуметтік желілердегі достардың достығын қабылдай отыра, кез-келген парақшаның артында бейтаныс адам болуы мүмкін екенін ұмытпау.
  • Бейтаныс адамдан файл қабылдамау және оларға жеке ақпаратты бермеу.
  • Егер желідегі достардың біреуімен кездессеңіз, адам көп жүретін жерде кездесу, оңаша жерге бармау.

Бұған қоса, бұл да өте маңызды:

  • Барлығын скриншот жасап, дауыстық хабарламаларды сақтау. Бұл деректер сот бола қалса, дәлелдеуге қажет болады.
  • EGov арқылы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жазу (ЭЦҚ қажет), барлық деректі беру, кибербуллинг болатын жердің мекенжайын көрсету.
  • Желідегі уақытты қадағалауға үйрету ата-ана бақылауын, интернеттегі шектеулі уақытты белгілеу.
Түсініктеме қалдыру