
Қазақстанда «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды
Елімізде бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Мұны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қор Стипендиаты Анастасия Зубова: Өзіңізді жақсы жағына қарай өзгертуге күн сайын мүмкіндігіңіз бар
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиаттарының адамды жігерлендіретін, ынталандыратын әңгімелерін бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін жаңа кейіпкерімізді сіздерге қуана таныстырмақпыз. Танысып қойыңыздар, ол – Анастасия Зубова. 20 жаста. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Логистика» мамандығы бойынша 3 курс студенті.

5 мың ауыл оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде білім алу құқығына таласады
Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алатын дарынды бес мың оқушының есімдері жарияланды. Олар еліміздің жетекші мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде тегін оқу мүмкіндігі үшін таласады.

Елбасы бастамасымен ашылған «Қамқорлық» орталықтарында төрт айда 1186 бала оңалту курсынан өтті
Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алматы облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына жасаған сапары кезінде белгілі болды.

Елордада үздік әлеуметтік жобалар анықталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алғаш рет өткізіп отырған «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» әлеуметтік жобалар форумының екінші күні тартысқа толы пікірталас пен үздік әлеуметтік жоба жеңімпаздарын анықтаумен есте қалды.

Дариға Назарбаева: «Қазақстандықтарға пайдасы тиіп жатқан үкіметтік емес ұйымдардың 303 жобасына қолдау көрсеттік»
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» Әлеуметтік жобалар форумы жұмысын бастады.

Қор стипендиаты Марта Набатова: Темірдей тәртіп - табыстың кепілі
Марта Набатова Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің «Академиялық ән салу» мамандығы бойынша 4-курста оқиды, жасы 19-да.

Алматы облысы Қарасай ауданының мектеп оқушылары арасындағы «Жасұлан» әскери-спорттық ойынының қорытындысы шығарылды.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім беру қор» корпоративтік қоры «Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміміен» бірге Алматы облысының Қарасай ауданындағы оқушылар арасында «Жасұлан» атты әскери-спорттық ойын өткізді.

Әлеуметтік бастамаларды ел игілігі үшін қолдау шаралары
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) 50 өкілі екі күн бойы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға, азаматтық құқықты қорғауға, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларын таныстырды. Үздік шыққан идеяларды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырады. Ал бұл – қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жаңа мүмкіндіктер туады деген сөз.

Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті
Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады. Отандық, шетелдік қайраткерлер мен ғалымдар 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылады.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ФОРУМЫ ӨТЕДІ
2021 жылдың 22 сәуір күні сағат 10.00 Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мұражайында (Бөкейхан көш.1А) «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы бірлік пен серіктестіктің 30 жылдығы» атты бірінші әлеуметтік жобалар форумы өтеді.

Еліміздегі коммерциялық емес 50 ұйым әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған авторлық жобаларын таныстырады
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 14.04.21 — Бүгін оңтүстік астанада Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жыл сайынғы жәрмеңкесі басталды. Онда Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарының (КЕҰ) 50 өкілі өздерінің инновациялық шешімдері мен қоғамдық маңызы бар жабаларын қазылар алқасына онлайн-форматта таныстырады. Бұл ауқымды байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр.

"Алтын тобылғы" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде үздік әлеуметтік бастамалар мен дайын жобалар ұсынылады
Алматыда «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы 30 жыл бойғы бірлік пен ынтымақтастық» атты алғашқы Әлеуметтік жобалар форумы қарсаңында, яғни 2021 жылғы 14-15 сәуірде Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізіледі.

Алматыдағы ғылыми конференцияда академик Салық Зимановтың заманауи Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы сөз болды
АЛМАТЫ. Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі. 9.04.21. – Бүгін еліміздің заңгер ғалымдары Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі заманауи мемлекеттілігі мен ұлттық заңнамалары қалыптасуының тарихи-құқықтық негіздері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шара Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өткізілген.

Қор стипендиаты Әсел Қалымжанова: Алдыңа мақсат қойып, тынымсыз еңбек ету керек
Әсел Қалымжанова Еуразия гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Ол оқуға түскен алғашқы жылдан-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарымен, кәмелет жасына толмағандарды бейімдеуге көмектесу саласында волонтерлықпен айналысып келеді. Сондай-ақ, Pro Bono қозғалысының қатысушысы. Бұл қозғалыс аз қамтылған адамдарға заң жағынан тегін кеңес береді.

Алматыда құқықтанушы ғалым Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтеді
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 2021 жылғы 9 сәуірде Жария құқық ҒЗИ, Жеке құқық ҒЗИ, Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі, «Тұран» университеті жанындағы құқық ҒЗИ, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғалым акдемиясының академигі С.З.Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

«Жеке құқықтың өзекті мәселелері» студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына ғылыми мақалаларды қабылдау басталды
30 сәуірде «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясындағы студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн-форматта өтеді. Оны әдеттегідей Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Құқықтық жоғары мектебі ұйымдастырып отыр.