
«Kazakhstan Sociology Lab» - бұл қатысушылардың қазіргі әлеуметтану ғылымы, мәліметпен жұмыс істеу және цифрлық технология саласындағы білімін дамытуға арналған білім беру жобасы.
Жобаның мақсаты - заманауи зерттеу әдістерін меңгерген мультидисциплинарлы зерттеушілерді дайындау, әсіресе Computational social science бағытына басымдық беру.
Мектеп қатысушылары қазіргі әлеуметтік ғылымда кеңінен қолданылатын теориялар мен әдістерді меңгеріп, жобаның соңында policy-oriented (қоғамдық саясатқа бағытталған) зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, жоба өз саласында пікірлес адамдарды табуға және сарапшылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мектептің оқытушылық құрамы 20-дан астам дәріскерден, тәлімгерден және зерттеу жобаларының жетекшісінен тұрады.
Сайт: https://sociologylab.kz/
«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі