contest-img

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ ГРАНТТАРЫ

Грант жас мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін шығармашылық іс-шараларға (сайыстарға, фестивальдарға, тағылымдамаларға, симпозиумдарға, шеберлік сабақтарға, биеннале мен конференцияларға) қатысу үшін беріледі.
Аталмыш сапарлардың мақсаты – қайраткерлердің кәсіби деңгейін көтеру мен Қазақстанның мәдениеті мен өнерін өрлету.
Грант сомасы жолына және екі аптадан аспайтын мерзім (14 күнтізбелік күн) тұрақтауға кететін шығындардан құралады. Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАР

Гранттар келесі бағыттар (номинациялар) бойынша беріледі:

  1. Әдебиет, журналистика;
  2. Хореография (би қою өнері), музыка, театр, кино;
  3. Бейнелеу өнері, сәулет және дизайн.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға қатыса алатындар:

  1. Кәсіби білімі бар жасы 40-тан аспаған мәдениет пен өнер қайраткерлері, жеке немесе саны 3 (үш) адамнан аспайтын шығармашылық ұжым құрамында өнер көрсететін (қызмет атқаратын) «Хореография (би қою өнері), музыка» номинациясында саны 5 (бес) адамға дейін шығармашылық ұжымның қатысуына болады;  
  2. Мәдениет пен өнер саласы білім орындарының оқушылары, жеке немесе саны 3 (үш) адамнан аспайтын шығармашылық ұжым құрамында өнер көрсететін, «Хореография (би қою өнері), музыка» номинациясында саны 5 (бес) адамға дейін шығармашылық ұжымның қатысуына болады.

ӨТІНІШ БЕРУ

Көрсетілген мерзімде үміткер тізімдегі қажетті құжаттармен бірге байқау өтініштерін береді (Мәдениет пен өнер салаларындағы іс-шараларға қатысу үшін жол жүріс шығын Қор гранттарын бөлу ережелерін қараңыз).

ГРАНТ БЕРУ

Грант иегерлерін Қордың құрамында кемінде 5 мүшесі бар байқау комиссиясы анықтайды. Грант комиссия мүшелері дауыстарының 3/4-не ие болған үміткерге беріледі.

ГРАНТ БӨЛУ

Қор мен үміткер арасында Грант (демеушілік көмек) бөлу туралы шарт жасалғаннан кейін бөлінеді.
Қор қаражаттың пайдалануын бақылауды қамтамасыздандырады және мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда Қор төленген қаражаттың қайтарылуын талап етуге құқылы.

contacts-Исмаилов Тимур Мұратұлы
Исмаилов Тимур Мұратұлы
Жобаның басты үйлестірушісі

Өнер және мәдениет саласындағы іс-шараларға қатысуға жол шығындарын өтеу гранттары

   

Әлеуметтік навигатор