contest-img

ЖОБА ТУРАЛЫ

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Барлық кезең ішінде бағдарламамен 20 мыңнан астам қатысушы қамтылды, оның ішінде 11 849-ы «Елбасы медалі» ерекшелік белгілерімен, оның ішінде: қола деңгейіндегі медальдармен – 10 563, күміс – 1019, алтын – 267 марапатталды. Мемлекеттік білім беру гранттары 2021 жылы Елбасы медалінің 605 иегеріне, 2022 жылы - 1323, 2023 жылы – 1759, оның ішінде 30%-дан астамы ауыл мектептерінің түлектеріне берілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 275 «Он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Елбасы медалі» жобасы «Ел үміті медалі» ретінде іске асырылатын болады.

«Ел үміті медалі» бағдарламасын іске қосу 2024 жылдан бастап жоспарланып отыр, осы бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

  • https://medal.elumiti.kz/  сайтында тіркеліңіз  
  • Өткіңіз келген деңгейді таңдаңыз – алтын, күміс немесе қола
  • Өз деңгейіңіздің тапсырмаларын уақытылы орындаңыз
  • Өз деңгейін аяғына дейін өткен қатысушылар Елбасының медалімен марапатталады!

 Қандай деңгейді таңдайын?             
            

«Қола» деңгей  
Жас шектеуі 14 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 6 ай 

«Күміс» деңгей
Жас шектеуі 15 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 12 ай
 

«Алтын» деңгей
Жас шектеуі  16 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 18 айға дейін

Жасыңыз сәйкес келсе, Сіз бірден жоғары деңгейді таңдай аласыз, немесе деңгейлерді кезегімен өте аласыз

Қандай тапсырмалар береді?

 #challenge-де  7 бағыттан өту керек:
 

Жеңіске барар жолда сіз уақытыңызды тиімді өткізесіз: спортпен шұғылданасыз, өз-өзіңізді дамытасыз, туристік саяхатқа шығасыз, жаңа кітаптар оқисыз және тағы басқа пайдалы дүниелермен айналысасыз.   Деңгей өскен сайын, сіз өз уақытыңыздың көп бөлігін тапсырмаларды орындауға жұмсайсыз және өз дағдыңызды шынықтырасыз!  

 #challenge-ге қатысу маған не береді?

«Елбасы медалі» жобасына қатысушылар ақылды, күшті және талантты бола бастайды!
#ChallengeElbasyMedali кезінде олар өз құрдастарымен танысады, жаңа қызықты достар табады, Қазақстанда танымал адамдармен кездеседі және өздерін бүкіл елге таныта алады!
Жеңімпаздар медальмен марапатталып, еліміздің кәсіби мамандар арасында өз орнын табуға мүмкіндік алады! 

contacts-Хаматдинова Алина Наильевна
Хаматдинова Алина Наильевна
"Елбасы Академиясы" КҚ басқарушы

описание медиа

Әлеуметтік навигатор

Ақпараттық блок