Ұлттың мәдени коды

«Жаңа тұрпатты жаңғыртудың бірінші шарты - бұл өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтау»
Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,
атты мақаласынан, 2017 ж.
Дәстүр мен инновацияны ұштастыра отырып, Қор ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді және жаңа ұрпақтың болашағын қалыптастырады. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде Қор елдің мәдени және тарихи кодын сақтауға, зерделеу және насихаттауға бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы
«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы ұлттық құндылықтарды сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында әзірленген. Бұл ұлттың бірегейлігін, сабақтастығы мен бірлігін қалыптастырудың маңызды элементі саналады.

«Тәуелсіздік дәуірі»
«Тәуелсіздік дәуірі» - Қазақстан тарихына қызығушылықты арттыруға және жастардың талдамалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру жобасы.

«Дәуір жасампаздары/Замандастар» тарихи-мемориалдық жобасы
Жоба әлемнің, аймақтың, ұлттың тарих барысына әсер еткен оқиғалардың, қоғам мен мәдениеттің дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларды дәріптеп, тарихи маңызын айқындауға бағытталған.

«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы
Жобаның негізгі міндеттеріне жиналған материалдарды ғылыми айналымға енгізу, Тұңғыш Президенттің тұлғасын көрсететін тақырыптық топтамалар құру, сондай-ақ мәдени құндылықтарға кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды пайдалану кіреді.

«Диалог өнері» көрме жобасы
Жоба мәдени, тарихи, білім беру және мемориалдық әлеуетті жүзеге асыру үшін жаңа қоғамдық алаңдарды дамытуға бағытталған.

«Aitys» бағдарламасы
«Aitys» бағдарламасы - баға жетпес рухани мұра ретінде айтыс өнерін жастар арасында жан-жақты дамытуға, жас ақын-импровизаторлардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған алаң.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты мемуарлық туындысы
«Мемуарлар жол көрсеткіші» порталы - Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында жасалған заманауи құрал. Бұл платформа дәстүр мен инновацияны біріктіре отырып, бірегей білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.