contest-img

Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани  құндылықтарын сақтау – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары болып отыр. Осы мақсатта әзірленген “Жетi қазына” мобильді қосымшасы – көпшілік көңілінен шығатын жаңа жоба.

Қазақ халқының дүниетанымында «жеті қазына» ұғымы ерекше мазмұнға ие. Халқымыз үшін қасиетті санға айналған жеті саны ұлтымыз үшін қастерлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін толықтырады (жеті ырыс, жеті жарғы, жеті ғалам, жеті ата). Көшпенді халықтың жеті қазынасына айналған ақылды әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан және тайқазан ер жігіттің өмірлік қажеті деп саналған. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы осы философиялық түсініктер “Жетi қазына” мобильді қосымшасының тұтастай құрылымы мен мазмұнына арқау болды. Қосымшаның «Киелі сандар сыры», «Салт-дәстүр», «Асыл мұра», «Сөз сандық», «Алтын зер», «Тайқазан», «Ұлы дала ғажайыптары» деп аталатын 7 бөлімі қазақ және орыс тілдерінде мол мағлұмат береді. Ресурс ата-бабамыздан қалған мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан тарихи аңыздар мен шежіреден сыр шертеді, мәдени құндылықтарымызды таныстырады.

«Жеті қазына»  қосымшасын Android және iOs платформаларында жүктеп алуға болады.

contacts-Шауеев Азат Садметұлы
Шауеев Азат Садметұлы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ директоры
contacts-Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ жоба менеджері

“Жетi қазына” мобильді қосымшасы

Әлеуметтік навигатор