contest-img

SMARTUSTAZ – Заманауи ұстаз – ұлттың лайықты ұрпағы!

SmartUstaz – балалардың дамуына ықпал ететін басты факторлардың бірі – ұстаздың жеке ресурсын дамытуға арналған жоба.

Жобаның негізгі критерийі- мұғалімдерге онлайн түрде білім алуға, өз үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік беретін платформа түріндегі технологиялық шешімді пайдалану.

Жобаның мақсаты - ел ұстаздарының кәсіби және сабақтас құзыреттерін қалыптастыру және дамыту.

Жоба аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының 2 білім беру бағдарламасы бойынша оқыту іске асырылуда:

1.Тиімді ойлау дағдылары және когнитивті икемділік
2. Оқушылармен және ата-аналармен тиімді әрекеттесу үшін әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерді/дағдыларды дамыту.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2022 жылы келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізбесі (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/302713?lang=ru)

2023 жылы химия, физика және математика пәндері бойынша 7-9 сынып оқушылары үшін олимпиадалық дайындық курстары іске қосылды.

2023 жылдан бастап Қор мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізіміне енді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аймақтарындағы педагогтер үшін 80-нен астам тренингтер өткізілді.

Бағдарламаларды 150-ден астам адам аяқтап, сертификаттар алды.

SmartUstaz жобасы бойынша 16 жаттықтырушы оқудан өтіп, сертификат алды.

contacts-Исенгуженова Фариза Кайратовна
Исенгуженова Фариза Кайратовна
Жоба менеджері

«Smart Ustaz» жобасы

   

Әлеуметтік навигатор