contest-img

Жоба туралы – жоба жастардың кәсіп табуына, әртүрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, өзгелерге қамқор болуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолдау және көмектесуге бағытталған.

Жобаға - 14 пен 18 жас арасындағы көшбасшылық қасиеттері айқын, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі жетілдіруге және топпен бірге жұмыс істеуге ұмтылысы бар жастар қатыса алады.

Жобаға қатысу арқылы қатысушы не алады?

Тәлімгерлік қолдау және пікірлестермен қарым-қатынас жасау
Тәлімгер қатысушының жеке әлеуетін ашуға, оның әлеуметтік ортасын кеңейтуге және жаңа достармен кездесуге көмектеседі! Осы мақсатта қатысушыларды бір-бірімен байланыстыратын қауымдастық құрылады. Қатысушыларға өздерінің таланттары мен қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоба барысында қатысушы кеңес, қолдау және кері байланыс алады.

Жазғы оқу лагерінде оқыту және демалыс
Жобаның барлық шарттарын орындағаннан кейін, пікірлестердің ортасында, қатысушы Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының демалыс аймақтарының бірінде демалады. Оқу лагері – білім алу тәжірибесін жинақтауға, қабілеттерін дамытуға және жаңа таныстар табуға тамаша мүмкіндік.
Қатысушы өз табыстарымен бөлісетін және жастарға пайдалы ақпарат алуға көмектесетін тәжірибелі мамандардан құнды білім алады. Сонымен қатар, мереке шеберлік сабақтарына, тренингтерге және спорттық шараларға толы болады.

Оқу курсы
Қатысушы әлеуметтік жоспарлау бойынша тегін курстан өтеді, онда ол БАҚ, креативті индустрия, кәсіпкерлік, экология және жастардың өзін-өзі басқару салаларындағы гранттық байқауларға қатысу үшін жобалар жасауды үйренеді, сонымен қатар жеңімпаз болу мүмкіндігіне ие болып, тамаша сыйлықтарға ие бола алады.

Қатысушылар нені үйренеді:

1. Жобаны әзірлеу
• Жоба идеясын іздеу
• Мақсатты аудиторияны таңдау және құндылық ұсынысты жинақтау
• Бизнес моделін әзірлеу
• Өнімді жылжыту арналарын таңдау және іске қосу
2. Жобаны гранттық өтінімге жинақтау.
• Мәселені қалай негіздеу және оның өзектілігін дәлелдеу
• Жобаның мақсаттары мен міндеттерін қою және жүзеге асыру әдістерін таңдау
• Бақылау-тақырыптық жоспарлау мен медиа-жоспарды қалай орындау керек
• Сметаны құру және негіздеу
• Жоба серіктестерін қайдан және қалай іздеу керек
• Жоба командасының тәжірибесін қалай дәлелдеуге болады

Білім гранты

«El Umiti» Қоры» Корпоративтік қоры өз жобаңызды құруға және оқуға, тағылымдамадан өтуге, халықаралық конкурстарға қатысу жарналарына, жол жүру гранттарына және т.б. төлеуге білім беру грантын алуға мүмкіндік береді. Премия жобаларды үздік қорғағаны үшін беріледі.
1 орын – 2 000 000 теңге.
2 орын – 1 000 000 теңге.
3 орын – 500 000 теңге.

Қатысуға тіркелу https://premia.elumiti.kz/ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жыл сайын 15 қыркүйек пен 1 қараша аралығында жүргізіледі.

 

«El Umiti» Премиясы

12345

Әлеуметтік навигатор