ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты мемуарлық туындысы

«Мемуарлар жол көрсеткіші» порталы - Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында жасалған заманауи құрал. Бұл платформа дәстүр мен инновацияны біріктіре отырып, бірегей білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Портал «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты мемуарды кеңінен таныстыру үшін әзірленген. Бұл еңбек 1991 жылдан бері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын сипаттайтын маңызды дереккөз. Ресурс ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың естелігімен қатар, архив құжаттарды, фотосуреттер мен бейнематериалдарды қамтиды. Сол арқылы елдің тарихындағы маңызды оқиғалар, шешімдер мен жетістіктер түсінікті бола түседі.
Портал пайдаланушыларға Қазақстан тарихын ыңғайлы, интерактивті форматта зерттеуге мүмкіндік береді. Мұнда мемуарлардың мәтіндері, негізгі оқиғалардың хронологиясы, карталар, тақырыптық бейнематериалдар мен сараптамалық зерттеулер ұсынылған. Ресурс мектеп оқушылары мен студенттерден бастап, зерттеушілер мен қарапайым халыққа дейінгі әртүрлі аудиторияның мүддесін ескере отырып жасалған.
Порталдың басты мақсаты - тәуелсіз Қазақстан тарихын жеке естеліктер мен оқиғалардың сараптамасы арқылы насихаттау. Ол жастардың елдің тарихи мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.
Платформа білім беру іс-шараларына, байқауларға, викториналарға және пікірталастарға, ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігін ұсынады. Барлық дерек тегін, ресурс Қазақстан мен шетелдегі пайдаланушылар үшін ыңғайлы әрі пайдалы.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты мемуарлық туындысы