Бағыттар
Ұлттың мәдени коды
«Жаңа тұрпатты жаңғыртудың бірінші шарты - бұл өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтау»
Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,
атты мақаласынан, 2017 ж.
Дәстүр мен инновацияны ұштастыра отырып, Қор ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді және жаңа ұрпақтың болашағын қалыптастырады. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде Қор елдің мәдени және тарихи кодын сақтауға, зерделеу және насихаттауға бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Әлеуметтік және адами капиталды дамыту
«Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз».
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан
2005 жыл 18 ақпан «Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық көзқарас қағидаттарын ұстана отырып, Қор ұзақ жыл бойы дарынды жастарды анықтау мен қолдауға, елдегі инклюзия мүмкіндіктерін кеңейтуге, денсаулық сақтау саласын дамытуға және әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылға арналған жобаларды жүзеге асырып келеді.
Халықаралық ынтымақтастық
«ХХІ ғасырда барлық салалардағы - саяси, экономикалық, мәдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ. Бүгінде адамзат материалдық, ғылыми-техникалық және зияткерлік тұрғыдан зор әлеуетке ие. Мәдени айырмашылықтар болжаулы болашақта әркезде де бола бермек. Бірақ олар ажыратушы жіктер емес, біріктіруші бастаулар болуы тиіс.»
Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Бейбітшілік пен даму жолындағы
жаһандық диалог»,атты мақаласынан, 2015 ж.
Қордың халықаралық қызметі достық байланысты нығайтуға және халықаралық ұйымдармен, шетелдік қорлармен әріптестік қатынас орнатуға бағытталған. Бұл геосаяси дамудың үрдістерін талқылау және тұрақты даму мен ынтымақтастықты ілгерілету жолдарын іздестіру мақсатында жүзеге асады.
Халықаралық қауымдастықпен өзара іс-қимыл барысында білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, инновация мен жаңа технология, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық сияқты салалардағы ортақ мүдделер ескеріледі.