«Өнер арқылы әрбір адамға, әсіресе жастарға, еңбекке деген сүйіспеншілік пен құрметке, өзінің және Отанның игілігі үшін белсенді жұмыс істеуге тәрбиелеу керек».

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев

Мәдениет жөніндегі кеңес дарынды жастарды анықтау мен ынталандыруға, шығармашылық әлеуетті ашуға, отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға бағытталған Қор ұйымдастыратын іс-шараларды іске асыру үшін құрылған тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес құрамына музыка, кино, хореография, кескіндеме, театр, әдебиет және т.б. өнердің түрлі бағытындағы өкілдерден құралған Қазақстанның шығармашылық жастарының өкілдері кірді.

Кеңес мүшелері шығармашыл жастарды қолдаудың тұтас жүйесін құруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен кеңестер енгізеді, Қордың мәдениет және өнер саласындағы қазіргі іс-шараларын талқылап, мазмұнды етуге септеседі.

Қазіргі таңда Қор жанындағы мәдениет жөніндегі кеңес – білім, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы тиімді жоба.
Кеңес мүшелері Қордың байқауларына берілетін жұмыстар мен жобаларды бағалау жөніндегі сараптамалық комиссияның құрамына кіреді.

Кеңес қызметі барысында Қордың аса маңызды жобасы болып, бүгінге дейін республикамыздың мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосатын жобаларға бастамашылық жасалды әрі іске асырылды.

Мүше саны: 25 адам.

Төраға: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы.