«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

Қор құрылғалы жүзеге асырған жобалардың негізгісі - елімізде тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимде ақысыз үйренуге мүмкіндік берген  «Soyle.kz» интернет-порталы.
Жобаны әзірлеу барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш жетекшілік еткен шығармашылық топ (тілші ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар) жұмыс істеді.
Онлайн курс идеясы мен концепциясының авторы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры - Азат Шауеев.

Мемлекеттік тілді тегін оқытатын «Soyle.kz» интернет-порталында орналастырылған барлық сабақ материалдары, танымдық-ақпараттық материалдар тіл үйренушілердің қазақша сөйлеп үйренуі үшін ұсынылады.
«Soyle.kz» – қазақша әдеби-ауызекі сөйлеу тілін үйренудің тиімді жүйесі. Портал іске қосылғаннан бері оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен қосылған пайдаланушылардың саны 5 миллионнан асса, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 124 мыңнан асты. Онлайн курста өзіңізге қолайлы кез келген уақытта тіл үйрене аласыз.
Қазіргі уақытта «Soyle.kz» әлеуметтік желісінің топтарында 50 мыңға жуық пайдаланушы, ал мобильді қосымшалар арқылы 50 мыңға жуық пайдаланушы тіл үйреніп жатыр.
Интернет порталда көптеген оқу-жаттығу жұмыстары қамтылған: жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасы, сөздік қорды молайту жаттығулары, стандартты сөз тіркестері, күнделікті қолданылатын дайын сөз орамдары, жағдаяттық диалогтар, аудио және бейне материалдар, тест сұрақтары, ақпараттық материалдар және т.б. көптеген мәлімет.
Порталдың ағылшынша-латынша нұсқасы  жасалды,  жаңа “SoyleTube”, “SoyleTalk”, «Караоке песен», «Борьба слов» ойыны, «Радио Soyle” сияқты бөлімдер қосылды.

contacts-Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ жоба менеджері
contacts-Шауеев Азат Садметұлы
Шауеев Азат Садметұлы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ директоры

Soyle.kz

Әлеуметтік навигатор