Шығармашылық жобалар

Қор қызметінің негізгі бағытының бірі – шығармашылық жобаларға сыйлықтар, атаулы шәкіртақылар, гранттар беру арқылы дарынды жастарды қолдау.
Мұндай жобаларды Қор жанындағы Мәдениет жөніндегі кеңес ойдағыдай іске асырып отыр, оның құрамына музыка, кино, хореография, кескіндеме, театр, әдебиет және т.б. өнердің түрлі бағытында жүрген Қазақстанның шығармашылық жастар өкілдері кіреді.
«ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі, Қор лауреаттарының концерті, «Бала дауысы» балалар ән байқауы, «Алтын тобылғы» жас әдебиетшілер байқауы, түрлі шығармашылық фестивальдер еліміздің мәдениетін дамытуға зор үлес қосуда.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

Шығармашылық жобаларға гранттар
Шығармашылық жобаларға гранттар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қалу мен дамыту мақсатында мәдениет пен өнердің жас қайраткерлеріне беріледі. Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

«ЖАСSTAR» Халықаралық фестивалі
Қордың шығармашыл жастарға арналған халықаралық фестивалі.

Қор Лауреаттарының Концерті
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлықтары мен грант иегерлері және Қазақстанның талантты әртістері қатысатын жыл сайынғы концерт

«Алтын Тобылғы» Сыйлығы
Сыйлық байқау негізінде 18-35 жас аралығындағы жас жазушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған үздік жұмысы үшін беріледі.