image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 10.07.2024 - 01.10.2024

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған сыйлық тағайындау жөніндегі республикалық байқауға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығы жетістіктері үшін түрлі номинация бойынша дарынды қазақстандықтарды қолдау және көтермелеу мақсатында тағайындалады:

    • мәдениет және өнер саласында – қоғамда кең танылған және республиканың мәдени өміріне елеулі үлес қосқан жаңа әрі бірегей туындылар, бағдарламалар, мәдениет және өнер саласындағы жобалар үшін.

    • жаратылыстану ғылымдары саласында – жаңалықтар, өнертабыстар үшін, әзірленген және сыналған жаңа технологиялары, үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар бірыңғай тақырып бойынша ғылыми жұмыстар сериясы үшін

    • гуманитарлық ғылымдар саласында – үлкен практикалық маңызы бар, зерттеулер жаңалығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін жұмыстар үшін.

Байқауда Қазақстан Республикасының 40 жастан аспаған азаматтары сыйлыққа үміткер бола алады.

Ережелер, сыйлық беру тәртібі мен өтінім нысаны туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша кіріп көруге болады.

    • ҚР жас ғалымдары үшін

    • ҚР жас мәдениет және өнер қайраткерлері үшін

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табысталады.

Байқауға қатысу бойынша кеңесті келесі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:

    • «Ғылым және техника» бағыты– 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).

    • «Өнер және мәдениет» бағыты– 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы).

Құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек:

Қазақстан Республикасы, 050045 (A17A9K8), Алматы қ., Бағанашыл ш/а., Строительная көшесі, 11/1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Өтінімді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 1 қазанына дейін

Түсініктеме қалдыру