image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 09.09.2020 - 19.09.2020

Елбасы Академиясы «Birge Oqý» қашықтан оқыту  мектебіне мұғалім, үйлестіруші және тьютор қабылдау туралы байқау жариялайды.

«Birge Oqý» мектебі қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы қосымша білім беретін ұйым.

Мектеп мақсаты – сапалы білім беру, алдыңғы қатардағы сандық білім ресурстары мен қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, ата-аналар мен мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 9 - 19 қыркүйек (қоса алғанда) аралығы.

Біліктілік талаптары: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім, тиісті бейіндер бойынша жоғары арнайы педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және/немесе ағылшын, қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлделі орындарының болуы.

Байқауға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркеу формасын толтырып келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жеке куәліктің/төлқұжаттың көшірмесі;
  2. фотосуреті бар түйіндеме;
  3. YouTube немесе Google Drive қызметтеріне орналастырылған бейне сабақ (кемінде 6 минут);
  4. кәсіптік білімі мен біліктілігін растайтын құжаттар; 

Байланыс нөмірі: 87087552795 Айжан Аршабаева 

Толық ақпаратты call орталығының 7170 телефоны арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін).

Түсініктеме қалдыру