image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 18.09.2020 - 02.10.2020

«Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры ақпараттық жүйені жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды. Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылады.

Мақсаты:
«El Úmiti» сандық платформасы» ақпараттық жүйесін жүзеге асыру. Қолданушылардың қашықтан білім алуына, өзін-өзі дамытуға, кәсіби машықтануына  мүмкіндік беретін ашық әрі қол жетімді ресурс әзірлеу.

Мүмкіндіктер:

Даму барысында қызметтер мен функционалды арттыра түсетін модульді архитектурасы бар бірыңғай ядро. Қызметтерді басқаратын конструктордың икемділігі арқасында әр жобаға арнайы талаптар қарастырылған.

Инклюзиясы бар қолданушылардың дамуына  арналған қосымша білім алатын орта әзірлеу.     

Міндеттер:

  • Бір-бірімен байланысты түрлі жобаларды реттеу мүмкіндігі бар модульді жүйені құрастыру;
  • El Úmiti бастамасының бір-бірімен байланысты жобаларының негізінде қолданушылар мен дарындардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
  • Қолданушылардың  жетістіктерін үнемі бақылап, іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Нәтижесінде барлық аймақ тұрғындарына бірдей қолжетімді, оқушылардың қабілеттерін анықтап, кәсіптік бағдар беретін қашықтан білім беру жүйесі құрылуы тиіс.    

Байқау тәртібі:

  1. Үміткерлер талаптар көрсетілген қысқаша сипаттаманы жүктеп алып, it@elumiti.kz поштасына байқауға қатысу өтінішін жолдауы қажет;

Маңызды! Құқық белгілеуші құжаттардың, лицензиялардың, сертификаттардың (болған жағдайда), сондай ақ потенциалды жобаға қатысушының еңбек тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсыну.

  1. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 18 қыркүйегінен 2 қазанға дейін;
  2. Өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін 20 күнге созылатын өтініштерді қарастыру кезеңі өтеді;
  3. Байқау комиссиясының шешімімен тиімді ұсыныс жолдаған үміткерлер анықталады. Іріктеу мерзімі барлық өтініштерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күн;
  4. Іріктелген  үміткерлерге  модульге қатысты толық талаптар көрсетілген техникалық тапсырма ұсынылады. Үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің талаптарына сай орындалу мерзімі мен қызмет бағасы туралы ақпаратты жіберуі тиіс.
  5. Байқау комиссиясы үздік ұсыныс берген бір жеңімпазды анықтайды. Жеңімпазды анықтау мерзімі  - өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап 20  жұмыс күніне дейін;
  6. Жеңімпаз әзірлеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін 12 ай кепілді техникалық қолдау көрсетеді;
  7. «Елбасы Академиясы» КҚ мен жеңімпаз арасында модульді әзірлеу жөніндегі қызметер туралы келісім жасалады.

Жобаның потенциалды қатысушыларын іріктеу өлшем-шарттары

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  1. Ақпараттық технологиялар саласында 3 жылдан кем болмайтын еңбек тәжірибесі;
  2. Күрделілігі әр-түрлі жіксіз байланыстарды жүзе асыруда тәжірибесі;
  3. Модульді жүзеге асыру мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы;
  4. Қызметтерді жүзеге асыру үшін кемінде 3 қызметкерді қоса алғанда қажет барлық материалдық және еңбек ресурстарына (жеке меншігінде, уақытша пайдалануында және т.б) иелік ету;
  5. Төмендегі салалардың бірінде еңбек тәжірибесу болу керек: білім беру саласындағы технологиялық әзірлеулер; жасанды интеллект әзірлемелері; машинамен оқыту; ірі көлемдегі ақпаратты өңдеу; ақпараттық қауіпсіздік; робототехника; ойынға арналған шешімдер және спорттық марафондар; форумдар, вебинарлар.
  6. Өнімнің прототипі болуы керек (міндетті) немесе Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өнімнің прототипін әзірлеу, сондай-ақ оның Демо-нұсқасын және пайдалану нұсқамасын ұсыну. Маңызды! Дайын шешім болған жағдайда қызметке қажетті функционалды қарастыруға дайынбыз.
  7. Маңызды! Потенциалды жобаға қатысушылардың  өтінімдері салық берешегі бар/жоқ туралы ақпаратқа және жосықсыз қатысушылар тізімінде бар/жоқ туралы ақпаратқа тексеріледі.

Байқауға қатысу өтінімдерін it@elumiti.kz поштасына жіберуді сұраймыз. . Қатысуға өтінім беру берілген ақпаратқа тексеруге рұқсат беруді растау болып табылады.

Құжаттарды жүктеу:
Талаптардың қысқаша сипаттамасы.pdf
өтініш үлгісі.doc.

Түсініктеме қалдыру