image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 01.02.2019 - 15.03.2019

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Zamannyn` ziatker jastary – vision of the future» тақырыбына әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды міндеттерді шешудегі оның институттарының потенциалын қатыстыру, сондай-ақ азаматтық бастамаларды одан әрі start up арқылы қаржыландыруға қолдау көрсету.

Конкурс жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі аясында әлеуметтік проблемаларды шешу және қазақстандықтардың тұрмысының сапасын жақсарту мақсатында жастардың потенциалын дамытуға, жаңа технологиялар мен әлеуметтік инновацияларды қолдануға бағытталған.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:

  1. «STEP – 7» немесе «Болашақ өркениетке жеті қадам»

Бұл номинацияға Ұлы Дала өркениетінің негізгі рухани құндылықтарын жеті қадамды еңсеру арқылы, жаңа болашаққа жеті қадам жасау арқылы дамытуға бағытталған жобалар қаралады; әлеуметтік белсенділікті және жастардың жауапкершілігін арттыру, болашақ адамның рухани-адамгершілігін бұзатын кез келген қылықтарға төзбестік таныту негіздерін қалыптастыру жатады.

Жаңа өркениетке жоғары әлеуметтік жауапкершілікпен жеті қадам жасау, оның негізін Ұлы Даланың рухани-адамгершілік мұрасы құрайды, ол келесі бағыттардан тұрады:

            1) пара берумен және алымдармен күрес: «Мен пара бермеймін!»

            2) кез келген қолдампаздыққа жол бермеу: «Мен екі ұшты моральға қарсымын!»

            3) Зияткерлік ұрлыққа негативті қарау және оларды  анықтау бағдарламасы «Мен қай салада болмасын плагиатқа қарсымын!»

            4) Жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысындағы көзбояушылыққа төзімсіздік: «Мен қызметтегі көзбояушылыққа қарсымын»

            5) Толеранттылықты тәрбиелеу: «Мен кез келген этникалық, гендерлік және діни кемсітушілікке қарсымын»

            6) Мемлекеттік мекемелер қызметінің барлық салаларында азаматтық жауапкершілікті арттыру: «Мен халық қаражатын талан-таражға салуға қарсымын»

            7) Сананы жаңғырту және адамгершілік эволюциясы: «Мен өз болашағыма иемін!»

  1. «Аман келешек қасымызда!»

Жыл сайынғы «Аман келешек» фестивалі көшпенді дәстүрді сақтай отырып, мобильді болып келеді және Қазақстанның әртүрлі қалаларына жолға шығуда және келесі бағыттардан тұрады:

1) Салауатты өмір салтын дәріптеу, дене тәрбиесін және рухани саулықты нығайту ісіндегі ұлттық спорттың және салт-дәстүрдің маңыздылығын көрсету және өскелең ұрпақты патриоттық, интернационалистік дене тәрбиесі мен мәдени салт-дәстүр тұрғысында тәрбиелеу.

2) Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, интеллектуалдық, рухани және физикалық дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету, мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру.

3) Фестивальдің дәстүрлі бағыттарына археологияға, тарихқа, ландшафтқа, дәстүрге және тарихи мұраға байланысты негізгі бағыттарды қоса алғанда, жаңа мүмкіндіктер кіреді: ат шабыс мәдениеті, Ұлы Даланың көне металлургиясы, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолы және Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отаны, 2025-Мұрағат, Ұлы даланың Ұлы адамдары (әл-Фараби және Йассауи, Күл-Тегін  және Бейбарыс, Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқалары).

  1. «Тұлпар – Болашақ»

Аталған номинация бойынша қазақ мәдениетін, өнері мен әдебиетін насихаттауға бағытталған жобалар қаралады:

– Ұлы Дала цифрландыру арқылы – «Мұрағат 2025» бағдарламасының аясында дала мәдениетінің ұлы мұрасы туралы кез келген интернет-платформадағы замануи цифрлық технологияларды және мобильді қосымшаларды қолдану арқылы мәдени-археологиялық-ағартушылық жобалар;

– «Мобильді Тұлпар» немесе «Бетпе бет» – «Ұлы Даланың жеті қыры» тұжырымдамасы аясында лекторлық, ғылыми-ағартушылық, мәдени-археологиялық ойын-сауық іс-шараларын өткізу арқылы «Жас Тұлпар» дәстүрін жалғастыру;

– «Қазақ тілін оқу – модаға айналды» – тегін үйірмелер, қарым-қатынас клубтары, телебағдарламалар, интернет-ресурстар және т.б. арқылы халықтың барлық жастағы топтарының, дала өркениетінің мәдени мұрасын оқытуды қоса алғанда, жаппай қазақ тілін оқуы.

 Жәрмеңке өткізу мерзімі

I кезең (2019 ж.1 ақпаннан бастап 15 наурызға дейін)  – конкурстық өтінімдерді және конкурстық құжаттарды қабылдау және іріктеу, қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру; үміткерлермен оқыту вебинарларын және онлайн-конференциялар өткізу

IІ кезең (2019 ж. 15 наурыздан бастап 25 наурызға дейін) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қатысушыларын іріктеу (ТОР-50 жобалар).

ІІІ кезең (2019 ж. 16 -17 сәуір) – ТОР-50-ге кірген жобаларды Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесінде қорғау (ұйымның стендтік тұсаукесері және жобаның бейнетұсаукесері). Жеңімпаздарды анықтау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және орыс тілдерінде MsWord форматында, электрондық innovaproekt@fpp.kz және  қағаз түрінде (пошта бойынша немесе курьер арқылы) мынадай мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы,  Иванилов к-сі, 12 А, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Байланыс үшін:

Ершіманова Гүлнара Орынбасарқызы, телефоны: 8(727) 220-92-17, е-mail: innovaproekt@fpp.kz

Назар аударыңыздар! Конкурсқа өтінім берердің алдында өтінімді толтыру жөніндегі Нұсқаулықпен мұқият танысыңыздар.

Түсініктеме қалдыру