Байқаудың өткізілу уақыты: 01.03.2025 - 30.04.2025
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры XXI Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтетін «Қазіргі әлемдегі жастар мен жасөспірімдерді қолдау: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбындағы республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысуға шақырады.
Байқау жастар мен жасөспірімдерге қатысты өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамаларды анықтауға, қолдауға және дамытуға арналған. Егер жастардың қазіргі заманға бейімделуіне, әлеуетін ашуға, кәсіби дағдысын дамытуға және қоғам мен цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін инновациялық идея немесе іске асырылып жатқан жобаңыз болса, байқау сізге арналған!
Байқаудың мақсаттары
• Жастарды қолдауға бағытталған үздік әлеуметтік бастамаларды анықтау және танымал ету.
• Жасөспірімдер мен жастардың алдында тұрған өзекті мәселелерге қоғам назарын аудару.
• Жастардың кәсіби дағдысын дамыту және табысты жұмысқа орналасуына жағдай жасау.
• Білім беру мекемелері, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету.
• Жасөспірімдер мен жастардың психологиялық және цифрлық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жаңа тәжірибелерді енгізу.
Байқау номинациялары
Байқау жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған үш негізгі бағытты қамтиды.
- «Ертеңгі күннің көшбасшысы: жастардың кәсіби дамуы»
Қолдау көрсетілетін жобалар:
• Жастардың кәсіби дағдысын дамыту және оларды қазіргі еңбек нарығының талаптарына дайындау.
• Жасөспірімдерді түрлі саланың мамандарымен байланыстыратын тәлімгерлік бағдарламаларын ұйымдастыру.
• Soft skills (коммуникация, уақытты басқару, сыни ойлау) дамытуға арналған тренингтер мен шеберлік дәрістерін өткізу.
• Кәсіптік бағдар беру: мансаптық кеңес беру, кәсіпорындарға экскурсия мен тағылымдамалар ұйымдастыру.
• Жас мамандарды дайындаудың креативті әдістерін әзірлеу және жастар бастамаларын қолдау.
- «Зорлық-зомбылықсыз болашақ: алдын алу шаралары»
Қолдау көрсетілетін жобалар:
• Жасөспірімдер мен жастарға депрессияның, мазасыздықтың және психоактивті заттарды теріс мақсатта пайдаланудың алдын алуда көмек көрсету.
• Психологиялық қолдау және менталдық, сексуалдық денсаулық мәселелері бойынша кәсіби кеңес беру.
• Зорлық-зомбылықтың, оның ішінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған бағдарламалар.
• Жастардың зорлық-зомбылық туралы хабардарлығын арттыру және өзін-өзі қорғау тәсілдері туралы білім беру науқандары.
• Жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта құру және отбасылық қарым-қатынасты нығайту.
- «Жастар мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі»
Қолдау көрсетілетін жобалар:
• Медиа сауаттылық, сыни ойлау және жалған жаңалықты тану қабілетін дамыту.
• Жастарға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлыққа және цифрлық қауіптерден қорғауға үйрету.
• Цифрлық трансформацияның сын-қатерлеріне білім беруді бейімдеуге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу.
• Желідегі этикалық мінез-құлықты қалыптастыру және ақпараттық манипуляцияларға төзімділікті қалыптастыратын бастамалар.
• Жастарға мамандық таңдау және жұмысқа орналасу кезінде цифрлық құралдарды тиімді қолдануға көмектесу.
Байқауды өткізу кезеңдері
• I кезең (1 наурыз – 30 сәуір 2025 ж.) – өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу.
• II кезең (5 – 12 мамыр 2025 ж.) – сараптамалық бағалау және үздік 50 жобаны таңдау.
• III кезең (21–22 мамыр 2025 ж.) – байқау финалы: үздік жобаларды онлайн қорғау және жеңімпаздарды анықтау.
Қалай өтінім беруге болады?
• Өтінімді MsWord форматында (қазақ немесе орыс тілінде) толтырыңыз.
• Өтінімді innovaproekt@fnn.kz электронды поштасына жіберіңіз.
• Хаттың тақырыбында «ӘИЖ 2025 байқауы – өтінім» деп көрсетіңіз.
• Байланыс тұлғасы: Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы
• Телефон: 8 (727) 339-65-37
Өтінімді толтыру жөніндегі нұсқаулықты жүктеу
ӘИЖ 2025 байқауына атсалысып, жастардың жарқын болашағын бірге құрайық!